Есіл ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері халықаралық «Қазақстан – Польша – Нидерланды» ғылыми-практикалық конференциясынан жүлдемен оралды.
Польшаның астанасы Варшава қаласында өткен «Қазақстан – Польша – Нидерланды» ғылыми-практикалық конференциясына қатысқан Есіл ауданындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері 11 сынып оқушысы Николай Щербаков пен 9 сынып оқушысы Виталий Тарасовтың жобасы үздік атанды. Оның ішінде Николай Щербаков мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау проблемасы және «Би – бұл өмір» жобасы арқылы бидің әрбір бала үшін маңызды екенін дәлелдеп, бірінші орынды жеңіп алды. Николай өзі брейк-данс билеумен шұғылданып келеді. Жобаға Регина Киреева жетекшілік етіп отыр.
Ал, Виталий Тарасов саусақтардағы папиллярлы тері сызықтары мен адамның мінез-құлқы және мүмкіндіктері арасындағы өзара байланысты анықтау бойынша өз жобасын ұсынды. Жоба жетекшісі Марина Бондарева. Аталған конференция аясында педагогтарға әлеуметтік ғылымдардың Польша академиясы өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда қатысушылар Еуропадағы жоғары және орта білім алу ерекшеліктерімен танысты.
– Халықаралық конференцияда еліміздің абыройын қорғап, бірінші орыннан көрінгеніме қуаныштымын. Ұстаздарыма және осы байқауға қатысуға қол ұшын созған адамдарға алғысым шексіз, – дейді Николай Щербаков. Конференцияны ұйымдастыруға әріптестік танытқан Ақтөбе қаласындағы экология және инженерия ғылымдарының шағын академиясы.
Аслан Оспанов.
Суретте: Николай Щербаков және Виталий Тарасов.