Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданда ұйымдас-тырылған жасөспірім боксшылар турнирі өз мәресіне жетті.
Жарысқа 68 жас боксшы қатысып, өзара баптары мен бақтарын сынады. Алдымен, бокстан әлем чемпионы Ілияс Сүлейменов және кикбокстан екі дүркін әлем және Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Нұрболат Рысмағамбетов жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың қорытындысында «Ең үздік боксшы» жүлдесін «Қорғалжын» спорт клубының боксшысы Нұрхан Жалғас жеңіп алды. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» аталымы бойынша осы жарыста ерекше көзге түскен спорт мектебінің тәрбиеленушісі Балташ Асылқайырхан марапатталды. Жеңімпаздарға медальдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Назгүл РАБИЛОВА.
Қорғалжын ауданы.