Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлеуметтік төлемақы қалай төленеді? - АРҚА АЖАРЫ

Әлеуметтік төлемақы қалай төленеді?

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар сақтандыру тәуекеліне тап болған жағдайда  мемлекет  әлеуметтік төлемақының 6 түрін тағайындауға кепілдік береді.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Ақмола облысындағы филиалы міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері жөнінде түсіндіру, консультативтік кеңес беру жұмыстарын жүргізіп,  әлеуметтік төлемақы тағайындау немесе әлеуметтік төлемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. Және әлеуметтік төлемақы алу үшін ұсынылған құжаттардың растығын тексеруге құқығы бар.  Әлеуметтік төлемақы алуға құқығы бар тұлғалар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрығында бекітілген құжаттар мен жеке куәлігін алып, тұрақты жері бойынша «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясы ұлттық акционерлік қоғамының бөлімшесіне әлеуметтік төлемақы тағайындау үшін барады. Әлеуметтік төлемақы еңбекке жарамдылық қабілетін жоғалтқан, асыраушысынан айырылған, жұмыссыз деп тіркелгені туралы мәліметтері бар жұмысы тоқтап қалған, жүктілігіне және босануына немесе жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған тұлғаларға төленеді.  
2016 жылдың 1-інші қаңтарынан бастап еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылғандардың алғашқы дәрежесі анықталған жұмыссыз азаматтар мен жаңа туған балалардың ата-аналарының құжат тапсыру үдерісі қысқартылды.
Енді еңбекке жарамдылық қабілетінен айырылған азаматтар әлеуметтік төлемақы тағайындау үшін жалпы еңбекке жарамдылықтың алғашқы дәрежесін анықтау кезінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін тікелей композитті қызмет көрсету арқылы қарастырылатын болады. Мұндай артықшылықтарды азаматтар жұмыспен қамту орталықтарында жұмыссыз деп тіркелу кезінде қолдана алады. Ата-аналар мен асырап алушылардың электронды-сандық қолтаңбасы бар болса, олар бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төлемақы тағайындау үшін «Электронды үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) өтініш бере алады, мұндай мүмкіндікті жұмыссыз деп тіркелгендер де пайдалана алады.
2016 жылы міндетті сақтандыру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгертулер енгізілді, бұрын жұмыссыздарға төлемақы бір айдан төрт айға дейінгі уақытқа тағайындалатын болса, өткен жылдың 19-ыншы сәуірінен бастап, бұл жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз деп тіркелген тұлғаларға әлеуметтік төлемақы жұмысынан айырылуына байланысты алты айға тағайындалатын болды  және де ол егер жұмысынан айырылған тұлғаның негіздемелерінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 52 бабындағы 1), 2)  және 3) тармақтарда қарастырылған талаптарға сай отыз алты және одан көп ай әлеуметтік ақша аударымдары жүзеге асырылған болса ғана беріледі. Ал, қысқартуға іліккен немесе кәсіпорынды жабу себептері бойынша жұмысынан айырылған тұлғалардың қолында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан» толық әлеуметтік көмек алу үшін жұмыс берушінің еңбек қатынастарын бұзу туралы актісінен үзінді болуы қажет.
2016 жылдың 1-інші тамызынан бастап жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты табысынан айырылған әлеуметтік төлемақы тағайындауға арналған құжаттар тізімінен соңғы 12 айдың кірістері туралы анықтама алынып тасталды. Бұл жүкті әйелдердің әлеуметтік төлемақы алуына өтініш беруге құжат жинау үдерісін айтарлықтай жеңілдетті.
Бұл жерде міндетті әлеуметтік сақтандыруға қатысушылар мемлекеттік корпорация мен қордан әлеуметтік аударылымдардың толықтығы мен уақытылы аударылуы және әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік төлемақы алу, сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындау мен оны алу тәртібі туралы ақпаратты тегін алуға құқығы бар. Болашақ аналар сақтандыру тәуекеліне барарда, яғни, уақытша жұмысқа жарамсыздығы туралы парағын аларда,  жүктілігіне және босануына  байланысты табысынан айырылған жағдайына байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындауға құжат тапсырар алдында әлеуметтік аударымдардың толық төленгендігіне көз жеткізулері қажет, себебі, осы жарналарды төлеу сіздің әлеуметтік төлемдеріңіздің есебіне тікелей әсер етеді.  
Әлеуметтік сақтандыру саласында сұрақтар мен түсініксіз мәселелер туындайтын болса, облыстағы қор филиалына барып, консультациялық көмек алуларыңызға болады.  

Айнагүл САБЫРОВА,
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
қоры» акционерлік қоғамы
облыстық филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар