Орталық коммуникациялар қыз-метінде «Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған қазақстандық брендтер тақырыбына арналған журналистердің «Самғау» ұлттық байқауының өңірлік номинация-ларының иегерлері анықталды.
Байқауға барлығы 200-ге жуық қатысушы бақ сынауға тілек білдірген. Олардың денін 18 бен 29 жас аралығындағы жастар құрап отыр.
Солардың ішінен «Қазақстан» РТРК Ақмола облыстық филиалы Қазақстан-Көкшетау телеарнасының жүргізуші-редакторы Раушан Сайлауқызы «Самғау» ұлттық байқауының Ақмола облысы бойынша номинациясының иегері атанып, жолдамамен Ресей Федерациясына сапарлайтын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Советбек МАҒЗҰМОВ.