Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жертөлелер бу қазандықтарының орны емес - АРҚА АЖАРЫ

Жертөлелер бу қазандықтарының орны емес

Облыс  әкімі Сергей Кулагин  Шортанды ауданына  жұмыс сапары барысында да тұрғындар қауіпсіздігі үшін бу қазандықтарын бөлек орналастыру мәселесіне баса көңіл бөлді.  

Шортанды ауданы облыстағы Астанаға жақын орналасқан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары өңірлердің бірінен саналады. Соңғы кездері аудан аумағында өнеркәсіп, шағын және орта бизнеспен қатар, ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда. Әсіресе, «Астана-Бурабай» күре жолының бойында орналасқан елді мекендердің келешегі жарқын. Осындай елді мекендердің бірі –
аудан орталығынан таяқ тастам жердегі Научный кенті деуге болады. Кенттің  көлік дәлізінде орналасуы ауылда шағын және орта бизнестің өрістеуіне серпін беріп отыр. Екі жарым мыңнан астам тұрғыны бар Дамса селолық округіндегі қазіргі заманға сай жабдықталған дәрігерлік амбулатория осы Научный кентінде орналасқан.
Медициналық мекемеде болып, бөлмелерін аралап көрген облыс басшысы ғимараттың іші суық, тиісті дәрежеде жылынбайтынына қанықты. Осы орайда, аудан басшылығы мен жауапты тұлғаларға медициналық мекемені  жылытып, науқастарға жақсы жағдай жасау жайлы міндеттер жүктеді.
Одан әрі облыс әкімі осындағы «Меруерт» монша-қонақ үй кешенінде болды. Степной ауылында облыс әкімі «Табиғат ТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің көкөніс қоймасын аралап көрді. Нысан 2016 жылы пайдалануға берілген. Өткен жылы мұнда алғашқы өнім жиналып,
3 мың тоннадан астам картоп Астана қаласы мен Ақмола облысының нарығына шығарылыпты. Осы күні кәсіпорын басшысы Владимир Третьяк бизнес-бастаманы жүзеге асыруда өздеріне қолдау білдірген мемлекеттік органдарға алғысын айтуда. Оның сөзіне қарағанда, аталған жобаның құны 208,9 миллион теңгені құрайды. Оның 48,8 миллион теңгесі серіктестіктің өз қаражатынан алынса, 160,1 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы арқылы бөлінген.
Степной орта мектебінде болған облыс басшысы білім ордасын аралап көріп, жоғары сынып оқушыларымен және педагогтар ұжымымен кездесті. Жақында Шортанды кентінде жаңа жүзу бассейнін ашу жоспарланып отыр. Құны 345 миллион теңгені құрайтын бассейннің құрылысы осыдан екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бассейннің ұзындығы 25 метр, ені 11 метрді және  тереңдігі 1,4 метрді құрайды. Нысанда уқалау, дəрігерлер жəне душ бөлмелері мен тренажер залы бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың да бассейнге келіп, суда жүзулеріне барлық жағдай жасалынған.
Осы орайда, Сергей Кулагин қаңтардың соңына дейін нысанды пайдалануға беруді тапсырды. Бассейннің ашылуы өңірде суда жүзу спортының дамуы-
на септігін тигізбек. Бүгінде
ауданда салауатты өмір салтын ұстанатындар саны 7,5 мыңнан асады. Жаңа жүзу бассейнінің ашылуы шортандылықтардың спортқа деген құлшынысын одан әрі еселей түсетіні сөзсіз.
Ал, «Агро Макс Астана» серіктестігінде диірмен кешенінің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі кезде мұнда негізгі жұмыстар аяқталып, қойманың құрылысы қызу қолға алынған. Кешенде ұн мен кебек өндіріліп, саудаға шығарылмақшы. Жобаның жалпы құны 504 миллион теңгеге бағаланып отыр.
– Кешен өз жұмысын ағымдағы жылдың маусымынан бастайды. Сол кезде тәулігіне 200 тонна өнім шығарылатын болады. Бүгінгі таңда дайын өнімді Өзбекстан Республикасының нарығына шығару үшін алдын ала келісім-шарт та жасалынған, – деп атап өтті серіктестік директоры Дилявер Касимов.
Сапар барысында облыс әкімі әдеттегідей, қоғамдық қабылдау өткізіп, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерімен келген жергілікті тұрғындардың сауалдарына құлақ түрді. Сұрақтар негізінен мектепті күрделі жөндеуден өткізу, халықты жұмыспен қамту сияқты әлеуметтік мәселелерді қамтыды. Барлық сауалдар бақылауға алынып, нақты жауаптары берілді.
Сапар соңында аудандық мәдениет үйінде өткен актив кеңесінде аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова өңірдің 2016 жылғы жетістіктері жайында баяндама жасап, ағымдағы жылы атқарылуға тиісті  міндеттерге тоқталды. Өңір басшысы Сергей Кулагин шағын және орта бизнесті дамытудың амалдарын қарастыруды міндеттеді. Оған қоса, аудандағы мектептердің жертөлелерінде орналасқан жылу қазандықтарын сыртқа шығару бо-
йынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында батыл іс-қимыл таныту қажеттігін сөз ете келе, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік  үлес қосқан азаматтарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Шортанды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар