Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржыны оңды-солды шашқан - АРҚА АЖАРЫ

Қаржыны оңды-солды шашқан

Облыстық тексеру комиссиясының кезекті отырысында бюджет қаржысын жұмсауда Степногорск қаласында орын алған өрескел олқылықтар қаралды.

Отырыста баяндама жасаған облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Динара Алтаеваның мәліметіне қарағанда, құзырлы органдардың өкілдері Степногорск қаласындағы  бірқатар мемлекеттік мекемелердің 2014-2016 жылдар аралығында бюджет қаржысын қалай жұмсағанына  тексеріс жүргізген. Оның барысында ақылға қонымсыз көптеген өрескел заң бұзушылықтар анықталған.  Әсіресе, қалалық білім бөлімі мен энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деген қағидамен бюджет қаражатын оңды-солды шашқаны әшкереленіп отыр.
Мәселен, Татьяна Семенюк басшылық жасайтын қалалық білім бөлімі іссапарға және көліктердің қосалқы бөлшектерін сатып алуға бөлінетін қаражатты мақсатсыз жұмсаған. Кейбір білім ордаларында мемлекет қаржысы май шелпек болғаны сонша, мұғалімдерге артық көлемде еңбекақы мен жөн-жосықсыз сыйақы төленіп келген.  Тіпті, бір ауылдық мектепте ешқандай білімі жоқ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жылдар бойы жұмыс істеп, жалақы алып отырған. Ол аздай, кейбір мектептерде білімі сәйкес келмейтін адамдар директордың орынбасары болып та қызмет атқарған.
Тексеру комиссиясының төрағасы
Мереке Мұстафиннің айтуына қарағанда, жалпы, 3 миллиард теңге көлемінде мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған         кейбір сала басшыларын қызметтен босату қарастырылып отыр.
– Біздің қызметкерлер жүргізген аудиторлық шаралардың қорытындысына сәйкес қала әкімінің атына қалалық білім бөлімінде ауыс-түйістер жүргізу туралы ұсыныс жасадық. Жеті жылдай басшы болған қалалық білім бөлімінің жетекшісі өрескел қателіктерге жол берген. Сондықтан, мұндай басшыларға мемлекет қаржысын сеніп тапсыруға болмайды. Заңды белшесінен басу фактілері бойынша  кейбір істер прокуратура мен ішкі істер органдарына жолданды, – деді бұл орайда,  облыстық тексеру комиссиясының төрағасы өз сөзінде.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар