Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атам екеуіміз аңға барғанда - АРҚА АЖАРЫ

Атам екеуіміз аңға барғанда

Менің атам Төлеген Бименұлы Қомбатыров Атбасар ауданының Есенгелді (Южный) ауылында туған. Бұл қазақ халқы үшін зардабы көп болған 1937 жылдың 12 сәуірі екен. Кейін бұл күн адам баласы тұңғыш рет ғарышқа көтерілген ұмытылмас күн ретінде де бәрінің есінде қалып қойғаны аян.

 

Жасынан адал еңбекті ғана білген атамыз содан қатардағы жұмысшыдан аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметіне дейін көтерілді. Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген зор еңбегі үшін Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендері мен «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарына ие болды. Ұзақ жылдардағы еңбек жолында алған басқа да марапаттары мен төс- белгілері аз емес. Сексеннің сеңгіріне қадам басқан бұл күндері де әлі тың, осының бәрі еңбекпен шыныққан, еңбекпен көркейген қайталанбас болмыс-бітімінен ғой деп ойлаймыз.
Осынша жасқа келгеніне қарамастан әлі күнге дейін атамның өзі ерекше көретін бір әуесқой ісі бар. Ол – аңшылық! Екінші топтағы мүгедек бола тұра, көктемгі және күзгі аңшылық маусымында далаға барып сергіп, аң-құс атпаса тұра алмайды. Сол әуесқойлығы, былайша айтқанда «хоббиі» бізге де жұққан. Сары алтын күз. Дала қаздары біздің жақтан оңтүстікке қарай топ-топ болып бет ала бастайды. Бұл кезеңді біз асыға тосып, қимас көңілімізді бірге ілестіріп кеткендей, ұзап бара жатқан құстар тізбегіне ұзақ қараймыз. Дәл осы кезде атам кезекті аңшылыққа өзінің жоспарын да құрып, қасына ертіп алған немерелерімен аялы табиғат аясына жол бастайды. Оның мұндайда Атбасар, Қорғалжын аудандарында білмейтін жері жоқ.
Таңсәрі, яғни, таңның атар-атпас сәті. Дала әлі қараңғы, тек аспан көгінде сиреп бара жатқан жұлдыздар мен шөптегі шық қана денең тоңазыған осы бір минуттарда көңіл көкжиегін тербейді. Өзімізге таңдап алған орындарымызда отырып, атам екеуіміз ақырын ғана тіл қатысып қоямыз. Аузымыз бірер сөзде болғанымен, көзіміз қияда, зейініміз айналамызда. Қайтсек те, ұшқан қаздардың қарасын тез аңғарып қалғымыз келеді.
Менің құрқол қайтпасақ деген сөзіме атам бірқалыпты даусымен «ең бастысы қазды ата беру емес, мына сан сырға тұнып тұрған табиғат аясында демалу, сөйтіп, аңшылықтың ләззатын сезіну» деп қояды. Өзі болса, асып-саспай, жіті қимылмен көздеген нысанасына тура тигізеді. Ондайда құлап түскен қазды көкірек толы әлдебір қуанышпен, атама риза болған күйі отырған орнымызға қарай алып-ұшып зулап әкеле жатамын.
Аңшылық маусымы аяқталғаннан кейін бірге аңға барған осы бір сәттеріміз әлі де талай әңгіме өзегіне айналып, мүлт кеткен тұстарымызды да, жоғарыдағыдай қуанышты сәттерімізді де, бәрін ой елегінен тағы бір өткізіп барып, бір-ақ тоқтаймыз. Бұл – аңға шығатын келесі күндеріміз үшін керек.
Сондайда  ойлаймын, жаныңда осындай өмірге үйрететін үлкен адамның болғаны қандай жақсы. Өзінің көпті көрген тәжірибесімен, сүйікті ісімен жас ұрпақты адамгершілікке, ізгілікке жетелейтін аталарымыз, әкелеріміз аман болсыншы. Сіз мен үшін тап сондай жансыз, сүйікті атам!
Жанат ҚОМБАТЫРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар