Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кеңінен ойланған жөн сияқты - АРҚА АЖАРЫ

Кеңінен ойланған жөн сияқты

Қазақ халқы әрдайым баланы Алланың  аманаты деп түсінген.  Тіпті, жетім көрсе жебеген бабаларымыз соғыс кезінде де  басқа елдерден қоныс аударған ұлт өкілдерінен мейірімін аянбай, қамқорлығын  көрсетіп, бауырына басқаны белгілі. 

Ал, бүгінгі таңда  қазақстандық балалардың  шетелге мұхит асып кетуі үлкен мәселе десек қателеспейміз. Бұл біздіңше, қоғамның бітеу бір жарасына айналып отыр. Халықаралық Гаага конвенциясында көрсетілген «жетім балаларды шетел азаматтарының асырап алуына беру» туралы бапқа сүйенген  Қазақстан 1999 жылдан бастап шетелдіктердің жетім балаларды асырап алуына жол ашқан.  Қазіргі уақытта  шамамен бірнеше мың  қазақ баласы  шетелдік отбасыларда тәрбиеленуде. Ресми деректер бойынша  әсіресе, Америка Құрама Штаттары мен Испания азаматтары  
қазақ балаларын асырап алуға  құмар екен.
Енді мәселенің екінші жағына келсек,  қазақстандық балаларды асырап алған шетелдік оларға  зәбір көрсетіп жатыр дегенді де көп еститін болдық. Мәселен, Щучинск қаласының балалар үйінде тәрбиеленген қос жеткіншек Тимур Көктиев пен Дамир Әбдірахмановты 2002 жылы АҚШ  азаматтары асырап алады.  Ал, олар ержеткенде  өгей әкелерінің   қолынан мерт болған. Бұл оқиға барша
халықтың жүрегін қансыратқаны анық.
Осы жағдай орын алғаннан кейін шетелдіктерге бала асырап алу талаптары күшейтілетіні туралы айтылды. Әрі қазір бала беру тоқтап тұр. Бұл дұрыс. Өйткені, шетелге кеткен қазақстандық балаларды түбінде «мен кіммін, қайдан келдім, елім, ата-анам менен неге бас тартты?»  деген сұрақтардың мазаламай қоймайтыны шын.  Сондықтан да, бұл мәселеге ұлттық тұрғыдан қарауымыз керек сияқты.

Назгүл РАБИЛОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар