Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұстаз еңбегінің жемісі - АРҚА АЖАРЫ

Ұстаз еңбегінің жемісі

Адам өмірі бір белестен бір белеске алға қарай жылжи береді екен ғой. Бір мезет ойланып артыңа, жан-жағыңа қарасаң, мен кіммін, қоғамға қандай пайдам тиіп жүр деген сауалдар маза бермейді. Өнеге ретінде маңайымыздағы адамдардың тағдырына, ақадал еңбегіне көз жүгіртеміз. Ондайда ортамызда үлгі болатындай жандар баршылық. Солардың бірі – Күнайым Жәнібекқызы Ибрагимова.

 

Ұлағатты ұстаздың Қызылорда елінен келіп, Көкшетау топырағын басқанына да 23 жылдың жүзі болыпты. Бұл күнде облыс орталығындағы №19 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Әріптесі, шәкірті ретінде айтарым, Күнайым Жәнібекқызы (суретте ортада) өз мамандығының асқан шебері, қазақ тілінің нағыз майталманы, жоғары санатты ұстаз. Іс-тәжірибесі кезінде республика көлемінде таратылып, алдында отырған оқушыларын сапалы білім нәрімен сусындатып, қызметіне әрқашан адал ниетпен қарап келе жатқан өнеге иесі.
Үстіміздегі жылдың 12 қаңтарында ардақты әріптесіміз зейнет жасына толды. Бұл күнді елемей қалу еңбек ұжымы үшін мүмкін емес еді. Әріптестері ұйымдастырған салтанатты жиынға мектеп директоры Светлана Бекетқызы Ахметжанова бастаған ұстаздар қауымы тегіс жиналды.  
Жиында ардақты ұстазға жылы сөздер мен ізгі тілектер жыр-бұлақтай төгілді. Зеренді ауданында көп жыл бірге қызмет атқарған әріптестері Райхан Төтенова, Рымгүл Рахымбектердің ризашылықтары, құрбы-сіңлі болып кеткен өзге де әріптестерінің құттықтау сөздері жүрекке жылы тиді.
Еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет қой. Күнайым Жәнібекқызы да сондай бақытты сәтті басынан кешіп, жас ұрпақты білім биігіне жеткізсем деген қажыр-қайратының текке кетпегеніне қатты толқыды. Сөз соңында бұл күнде аяулы ұстаз, асыл жар, ардақты ана, сүйікті әже атанып отырған Күнайым Жәнібекқызы үшін биылғы оқу жылы да жаңа табыстарымен айшықтала берсін дейміз.
М.ХАСЕНОВА,
Көкшетау қаласындағы
№19 орта мектептің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар