Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәселелер аз болмай шықты - АРҚА АЖАРЫ

Мәселелер аз болмай шықты

Лесной селолық округінің әкімі Андрей Кимге Речной және Михайловка ауылдарының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде  бірқатар өзекті мәселелер бойынша халықтың өтініш-тілектерін тыңдауына тура келді.

Бұл ауылдық округке Речной, Лесной, Бастрымовка,  Михайловка, Граниковка секілді елді мекендер қарайды. Мұндағы халықтың жалпы саны 1400-ден асады. Округ аумағында 3 ауыл шаруашылығы нысаны орналасқан, олар «ПЗ Балкашинский», «Сандықтау», «Граниковка» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Бұл серіктестіктер жыл сайын округке қажет болғанда,  түрлі демеушілік көмек жасап тұруды әдетке айналдырыпты.
Речной ауылындағы «ПЗ Балкашинский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсесінде өткізілген әкімнің  ауыл тұрғындарына есеп беру жиынында өткен жылы атқарылған жұмыстар, 2017 жылы алға қойылған міндеттер туралы айтылды.
Речной ауылында шамамен екі жүзден астам адам тұрады. Әкімнің баяндамасын тыңдап болған соң, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген бірқатар жайларды алға тартты. Мәселен, ауылдағы ауыз су, жер мәселелері бойынша қызу пікірталас туды. Сол сияқты, тұрғындар ауыл-ауылдың арасындағы жолдарды жөндеу,  білім беру нысандарын салу жайында сұрақтар қойды. Ауылдық жерлерді газдандыру, электр желілерін жаңарту, табиғатты қорғау, экологиялық және санитарлық жағдайларға көңіл бөлу қажеттілігі туралы да мәселелер көтеріліп, ауыл басшысына олар  қашан шешімін табады деген сауалдар қойылды. Округ басшысы бұл сұрақтардың барлығы аудандық әкімдікте қарастырылып, ретімен шешілетіндігіне тоқталды.
Михайловка ауылының тұрғындарымен кездесу барысында Ирина Пугачева көшелерді жарықтандыру жайын алға тартты. Әкімнің
айтуынша, бұл мәселе 2017 жылы шешімін таппақшы. Сол сияқты, ауылдағы су құбырларына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне сауал жолданатын болады, – деді округ басшысы. Бір сөзбен айтқанда,  бұл елді мекендерде халықты толғандырып отырған мәселелер аз болмай шықты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар