Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сені мәңгі аялап өтем!.. - АРҚА АЖАРЫ

Сені мәңгі аялап өтем!..

…Соңғы кезде бойымды бір үрей билейді. Біреуге сенуге қорқам. Мен бұл жөнінде саған айтып едім ғой, есіңде ме?! Сен мені түсінген сыңай танытып едің. Соңғы рет сөйлескенімізде мен сенің көзіңе қарауға қорықтым. Жүрек мені алдамапты. Кезерген ерніңді, сұрланған жүзіңді көрген сәттен-ақ жүрегім суып сала берген. Қорқыныш тамағыма тығылып, кермек жас жүзімді тілгілеп жатыр. Жо-жоқ, мен емес жүрек жылап жатқан сияқты…

Жүгіріп далаға шықтым. Ондағы ойым оған көз жасымды көрсетпейін дегенім. Редакция алдындағы аллеяға таяп қалыппын. Жылаған жоқпын. Менде бір батылдық пайда болған сияқты. Тез-тез басып келемін. Тіпті, бір қауырт жұмысы бар адамға ұқсаймын. Қайда барамын, бағытым не? Өзім де білмеймін. Жел де маған ілесер емес. Сен менің есімімді атап шақырып жатырсың. Бәлкім бұл жел болды ма… құлағым шыңылдап кетті.
Мен сенің жаныңды ұқтым ба екен,
Сен менің жанымды ұқтың ба екен.
Әлде менің  жанымды жаралап,
Бекер жолықтың ба екен? – радиодан естілген ән көңіл пернесін дөп басқандай. Тына қалдым. Аялдамада көп адамның бірі болып тұрмын. Жанымдағылар мені автобус күтіп тұр деп ойласа керек.
– Кешіріңіз, әлгі қандай автобус, №14 автобус емес пе екен, байқамадыңыз ба? – дейді.
– Не?!
Әлгі сұраған адам маған бажырая қарады. Шамасы мені есі дұрыс емес біреу деп ойлаған шығар.
– А-а… кешіріңіз, – дей бергенім сол еді, бейтаныс келіншек  аялдамаға тоқтаған кезекті бір автобусқа отырып кете барды. Жанымды еліткен әдемі әуез мені өзіне баурап барады.
Бірге өткізген кештерім үшін,
Таусылмасын, естелік үшін.
Сені мәңгі аялап өтем,
Жүректегі көктемім үшін!..
Шағала көңіл шарықтап, сезім жағалауына шарқ ұрды. Ән жүректі аялап, көңілді тербеп барады… Шыр-шыр етіп дегбірімді қашырған қалта телефоным ойымды бұзып жіберді.
– Алло, алло, тыңдап тұрмын… неге үндемейсіз?
– ….?!
Телефон тұтқасын қоя салды. Үнемі осылай нөмірін жасырған бір адам менің мазамды алады…
– Арай, сәлем! Сені іздемеген жерім жоқ, қайда жүрсің?, – деген дауысқа кілт бұрылдым. Құрбым Нұрайдың дауысын көп ішінен жазбай таныдым. Анадайдан жымиып келе жатқан құрбымды көріп мен де жадырап сала бердім.
– Телефон тұтқасын да көтермейсің, не болды саған? Түсінемін, ешкіммен сөйлесуге зауқың болмауы да мүмкін, бірақ, екі апта бойы хабарсыз кетуің жараспайды.
Мен үнсіз тыңдап, құрбыма іштей сүйсініп қарап тұрмын. Ол үнемі осындай. Қашан көрсең де көңілді жүреді. Ешқашан налығанын, кейігенін, көңілсіз жүргенін көрмейсің. Үнемі жүзінен нұр төгіліп тұрады. Кей-кейде көп сөйлеп, адамды мезі қылады демесең, арам ниеті жоқ.
– Жо-жоқ, ешбір сылтауыңды тыңдамаймын, бүгін біздің үйге барасың, са-аған айтар сырларым кө-өп!. – деп ол мені қолтықтай жөнелді.
…Кешкісін үйге көңілді оралдым. Дәлізге кіре берісте гитарамен әлдекімнің тағы да әдемі ән салып жатқаны естілді. Сол таныс әуен.
Бірге өткізген кештерім үшін,
Таусылмасын, естелік үшін.
Сені мәңгі аялап өтем,
Жүректегі көктемім үшін!..
Төргі бөлмеге өтіп, гитара тартып ән салып отырған өзіңді көріп есіктің  жақтауына сүйеніп, сүйсіне қарап тұрдым, қарап тұрдым…
Жүрек болса, «мен сені аялап өтемін» дегенді қайталай берді…

Ұлмекен ШАМЕНОВА.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар