Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Теледидардың көзге зияны - АРҚА АЖАРЫ

Теледидардың көзге зияны

Адамның көзі кәдімгі фотоаппараттың объективі сияқты алыстан немесе жақыннан қарағанда бұлшық еттері созылып, не жиырылып отырады.

Ал, теледидарға қарап отырған кезде көз қозғалыссыз қалады. Осының салдарынан көздің жиырылып, созылатын бұлшық етінің жұмыс қабілеті әлсірейді, яғни, көздегі бұршақтың машықтану және жылдам өзгеру қабілеттілігі төмендейді. Бұл жүре келе көздің көруін нашарлатады. Экрандағы бейнелер тұрақсыз және үнемі жыпылықтап тұрады. Осыған орай, теледидарға қарап отырғанда адамның жүйкесі мен көзі тез шаршайды. Бұл да жүре келе көздің көруін әлсіретеді.
Қалыпты жағдайда бейнелер түсінің жарқындығы 180 децибелге  дейін жетсе, теледидар экранындағы жарқындылықтың диапазоны  60 децибелден аспайды. Бұл көзді тез шаршатады.
Теледидардың қауіптілігі 16 жасқа дейінгі балаларда байқалады. Баланың қалыптасу кезеңінде үнемі теледидар экранына қарауы оның көру қабілетін нашарлатып, жүйкесіне де кері әсерін тигізеді. Соңғы кезде шетел фирмалары жарқыраған нүктелер саны көп теледидарлар жасауда. Бұл кескіннің теңбілділігін азайтып, теледидардың көзге зияндылығын төмендетеді. Десек те, оның зияны мүлдем жоғалып кетпейді.
Теледидар қарағанда мынадай қарапайым сақтық шараларын  естен шығармаған абзал. Ең алдымен, теледидардан өзіңізге қажетті бағдарламалар мен хабарларды керек уақытында ғана көруге әдеттенген жөн. Күнұзақ теледидар алдында отыру  көзге ғана емес, жалпы денсаулыққа да қауіпті. Екіншіден, теледидардан 3-5 метр қашықта отырған дұрыс. Теледидардың дәл қарсысында отырып қараудың залалы көп.
«Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ тектен-текке айтпаған. Сондықтан, ең алдымен, денсаулықты сақтауға жете көңіл бөлген жөн.

Интернет материалдары бойынша дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар