Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Арнасайда жаңа кәсіпорын салынады - АРҚА АЖАРЫ

Арнасайда жаңа кәсіпорын салынады

Аудан әкімі Азамат Тайжанов Арнасай ауылдық округінде халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысу барысында осыны мәлімдеді.

Аудан әкімі алдымен Елбасының Қазақстан халқына арнаған «100 нақты қадам»  Ұлт жоспары бағдарламасында айтылған 5 институцио-налды реформалары аясында қолға алынған жұмыстарға тоқталды. Ауданда шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамуда. Аудан әкімінің мәліметіне қарағанда, алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2016 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі біршама артып, 10,9 миллиард теңгені құрады. Осының арқасында нақты көлем индексі  110,3 пайызға жетті. Былтырғы жылы аудан бойынша 190,4 мың гектар жерге дән егіліп, мол астық жиналып алынды. Сонымен қатар, мал басы да көбеюде. Өткен жылдың басынан бері жиырма мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл көрсеткіш былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызға артық.
Соңғы жылдары Арнасай ауылдық округінде қолға алынған инновациялық жобалар біртіндеп өз жемісін беруде. Астананың іргесіндегі ауданда ЭКСПО-2017 қарсаңында қоқыс өңдейтін кəсіпорынның құрылысын Арнасай ауылында қолға алу жоспарланған.
– Жоспар бойынша зауыттың қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайды.  Оған тұрмыстық қалдықтар аудандағы ауылдар мен Астана қаласынан жеткізілмек. Зауытта қоқыс сұрыпталып, терең өңделетін болады. Қазіргі кезде зауытты салу үшін жер телімі анықталып, германиялық инвесторлармен əріптестік туралы меморандумға қол қойылды, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Жалпы, Азамат Тайжановтың баяндамасынан ұққанымыз ауданда әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған оң істер баршылық. Есептік жылы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 539 адам жұмысқа орналастырылды.  Ауданның дамуы тек экономикалық бағытта ғана көрініп отырған жоқ. Мәдениет, тұрғындардың рухани жан азығы да молаюда. Бұған арнасайлықтардың да елеулі үлес қосып отырғаны анық. Кездесуде аудан әкімі осыны ескеріп, округтегі шешімін күтіп жүрген мәселелер шешіліп, қолға алынған жобалардың жүзеге асырылатынына уәде берді.
Осындай кездесулер Бiрсуат, Анар, Түрген және Константинов ауылдық округтерінде де өтті. Кездесулер барысында өзектi мәселелер де айтылып, сонымен қатар, тұрғындар Аршалы ауданы әкiмiне бiлiм, денсаулық сақтау салаларына, тұрғындардың әлеуметтiк әлсiз топтары мен егде тартқан адамдарға көрсеткен көмегi мен қолдауына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты. Әсiресе аудан әкiмiнiң ауылдық округтерге жұмыс сапарымен жиi келуi және осындай кездесулердiң ұйымдастырылуы ерекше маңызды екендігі айтылып өтті. Бұл мемлекеттiк органдардың аудан тұрғындарының алдындағы жауапкершiлiгiн көрсетедi.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар