Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауданнан да басшылар келді - АРҚА АЖАРЫ

Ауданнан да басшылар келді

Атамекен ауылында округ әкімі Дауылбай Қапезов тұрғындар алдында есеп беріп, алда тұрған міндеттерімен ой бөлісті.

Атамекен ауылдық округіне Жарқайың, Жаңажол, Қаражар, Шиелі ауылдары кіреді. Тұрғындармен жиында Дауылбай Қапезов ауылдастарына Елбасымыздың әлеуметтік-саяси бағыттағы жаңа бастамаларын, ауылға көмек-қолдаудың арта түскенін жүйелеп түсіндіріп, осы бағытта округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Есепті кездесуге аудан әкімінің орынбасары Марпуға Нұрпанова, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Айбек Айтбаев, жер қатынастары бөлімінің басшысы Рахат Сыздықов, «Тазалық-Сервис» коммуналық кәсіпорнының басшысы Валерий Габченко және ауыл тұрғындары қатысты. Округ аумағында «Атамекен» ауыл шаруашылығы кәсіпорны, «Айдос» ЖШС, Жасыл астық қабылдау кәсіпорны және ондаған шаруа қожалығы жұмыс істейді. Диқан қауымы өткен жылы мемлекет тарапынан жасалып келе  жатқан қолдау мен технологиялық өзгерістердің арқасында мол астық жинады.  Сонымен қатар, мал шаруашылығы да негізінен, жекеменшіктің үлесіне шоғырланғанымен, дамып келеді.
Өткен жылы округте тұрғындарды кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке істерін ұйымдастыру мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орталығымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға несие арқылы қолдау көрсетілді. Дегенмен
ауылда шешілмеген мәселе де жоқ емес.
– Өткен жолғы есеп берудегі халықтың ұсыныс-талаптарының басым бөлігі орындалуда, – деді ауыл әкімі сөз соңында. – Бұдан әрі де бірігіп жұмыс істейтін боламыз.
Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған кездесуде көпшілік  ауданнан келген басшылар алдында өздерін толғандырған ауыз су, құр тұрған ғимараттарды сатып алу жөнінде ой бөлісіп, толғандырған сауалдарын қойды.  Ауыл өміріндегі оң өзгерістерді де атады. Бұдан соң алға қойылған міндеттерді ауыл тұрғындарымен бірлесе жұмыс істеу арқылы шешуге ұмтыламыз деген сенімін білдіре отырып, ауыл әкімі есеп беру кездесуіне қатысқан тұрғындар мен мекеме басшыларына рахметін айтты.

Аслан ОСПАНОВ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар