Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қазпоштаның» халыққа қызмет көрсетудегі жаңа қадамдары - АРҚА АЖАРЫ

«Қазпоштаның» халыққа қызмет көрсетудегі жаңа қадамдары

«Қазпошта» акционерлік қоғамының облыстық филиалында  жаңартылған бөлімдер ашылып, халыққа қызмет көрсете бастады. 

Аталған бөлімдерде тұтынушылардың  қаржылық қызметтері, сәлем-сауқат супермаркеті сияқты бірнеше қызметтер көрсетіледі.
Бұл Қазпошта тұтынушылары үшін жағымды жаңалық. Себебі, бұрынғыдай тұтынушылар «менің сәлемдемем келді ме, ол қайда» деп бас қатырмайды. Яғни, әркім өзінің сәлемдемелерін енді супермаркетте белгіленген тәртіп бойынша ала алады. Ол үшін арнайы терминалға трек нөмірі мен ұялы телефонының нөмірін енгізсе болғаны. Терминал сұраныс болған сәлемдемені та-уып, оның қай сөреде, қай ұяшықта тұрғанын көрсетіп, талон береді.  Бұдан кейін тұтынушы залға кіріп, сәлемдемесін алады.
Жаңа бөлімдердің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов Қазпошта – ауыл тұрғындарына үздіксіз қызмет ететін жалғыз компания екендігін, жұмысын заман талабына сай құрып отырғандығын айтып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі. Бұдан әрі жаңа жоба жайында «Қазпошта» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Бағдат Мусин жан-жақты баяндады. Жыл соңына дейін 400 бөлім жаңартылмақшы. Сәлем-сауқат супермаркеті әзірге еліміздің 13 аймағында бар екен. Біздің облысымызда жаңа қызмет Шортанды, Ақкөл және Көкшетау қалаларында жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айқын Қоңыров пен Роман Ким халық игілігі үшін еңбек етіп жатқан «Қазпошта қызметкерлеріне өздерінің жылы лебіздерін білдірді. «Қазпошта» акционерлік қоғамының Астана филиалының директоры Сәуле Әбілбаева қызмет сапасын көтеру бағытында атқарылып жатқан шаруалар туралы әңгімеледі. Шара соңында Атбасар, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Жақсы, Жарқайың, Есіл, Шортанды аудандарындағы «Қазпошта» филиалдарына қызметтік көліктің кілті тапсырылды.
Суреттерде: жаңа бөлімдердің ашылу сәті; жаңа қызмет көліктеріне ие болған аудандардың өкілдері; алғашқы келушілерге қызмет көрсетіле бастады.
Суреттерді түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар