Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты меже – бірлесіп еңбек ету - АРҚА АЖАРЫ

Басты меже – бірлесіп еңбек ету

Бұлақ, Сарыөзек, Симферополь ауылдық округтерінің әкімдері   ауыл тұрғындары алдында  есеп берді.

Бұлақ ауылдық округінің әкімі Оралбек Бекішев өз баяндамасында атқарылып жатқан әлеуметтік-экономикалық шараларға кеңінен тоқталды.  Қазіргі таңда бұл ауылдық округке 5 елді мекен жатады. Мұнда барлығы 616 отбасы тұрады.  Олардың 57-сі тыл еңбеккерлері мен 293-і зейнеткерлер, 105-і мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ, 90 ана «Алтын алқа» және 48-і «Күміс алқа» иегерлері. Округте 28 шаруа қожалығы, 14 ЖШС өз кәсіптерімен айналысып отыр. Олардың барлығы округтің дамуына белгілі бір үлестерін қосуда. Елде мал шаруашылығы мен егіншілік салаларын дамытуға тиісті көңіл бөлінуде.  «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 8,7 миллион теңге көлемінде несие берілді.
Округ тұрғындарына «Құлан», «Сыбаға», бағдарламалары бойынша да 3 миллион теңге көлемінде несие бөлінген. Мәселен, Еленовка ауылының тұрғыны С.Хасенов мал шаруашылығын дамыту мақсатында 1,5 миллион теңге көлемінде несие алып, бұл күнде өз кәсібін қолға алуда. Қираған және апатты үйлерді сыру, қалпына келтіру жұмыстары да жүргізіліп жатыр.
Еленовка ауылы бүгінде өркендеп, бизнес саласы қанат жайып келе жатқан елді мекендердің бірі.  Ауылда «Кренделек»   наубайханасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, елді мекендегі «Ашина Тас» ЖШС-нің кірпіш зауыты ауылдың 50-ге жуық тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша биыл бірнеше шаруа қожалығының басшылары ауыл ішін тазартып, абаттандыруға қатысқан. Ауылдың ойлы-шұңқырлы жолдары түгел тегістеліп, қиыршық тас төселген. Шағын және орта бизнестің дамуы ауылдағы жұмыссыздық мәселесін жоюға септігін тигізуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша ашылған наубайхана бүгінде халықтың игілігіне жұмыс істеп тұр. Қарағай станциясындағы астық қабылдау кәсіпорны заманауи кептіру қондырғыларымен қамтамасыз етілген.
Округте  жалпы білім беретін 5 мектеп бар. Сондай-ақ, мектепке дейінгі төрт шағын орталық жұмыс істейді.  Тұрғындарға медициналық көмек көрсету мақсатында 4 ФАП пен 1 отбасылық-дәрігерлік амбулатория жұмыс істейді. 2016 жылы Қарағанды медициналық академиясының түлегі Амантай Арыстанбек осында жұмысқа орналасты. Қарлыкөл ауылы тұрғындарының өтініші бойынша ауылдық ФАП ғимаратының шатыры  жөнделіп, жылу жүйесі тартылды. Сонымен қатар, округ тұрғындарының өтініштері ескеріліп, Еленовкадағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория «Жедел жәрдем» автокөлігімен қамтамасыз етілгендігі қуантады. Жиында  қылмысқа, нашақорлық пен маскүнемдікке қарсы күреске көңіл бөлініп, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша деректер де сөз болды.
Сонымен қатар, осы аудандағы  Сарыөзек ауылдық округінің әкімі С.Есмағамбетов пен Симферополь ауылдық округінің әкімі Р.Сәдуақасовтың    есептері кезінде де елді мекендердің  әлеуметтік-экономикалық дамуы, жұмыссыздық мәселесі, кейбір ғимараттарды қайта қалпына келтіру, медициналық қызметтің сапасын арттыру, асыл тұқымды мал басын көбейту  сияқты мәселелер көтерілді.
Жалпы, ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулерінде  өткен жылы атқарылған істерге оң баға беріліп, алдағы міндеттер айқындалды. Ендігі мақсат  –  бірігіп, ауызбіршілікпен еңбек ету. Жүздесулер барысында көпшілік тоқтаған түйін осы болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар