Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Судьяларға талаптың бір түрі - АРҚА АЖАРЫ

Судьяларға талаптың бір түрі

Ақмола облыстық  соты жанындағы соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестің төрағасы Темірхан Қасымовтың төрағалығымен осы Кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңында облыстық соттың жанынан судья лауазымына үміткерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттеріне баға беру үшін консультативтік-кеңестік орган – соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі Кеңестер құру қарастырылған. Бұл Кеңестердің қорытындылары ұсыныс сипатында болады.
Жуырда облыстық сотта осы мақсатта құрылған Кеңес мүшелері еліміздегі соттар төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына орналасу үшін өткізілетін конкурсқа қатысушы үміткерлерді тыңдап, олардың осы конкурсқа қатысуға қызметтік, адамгершілік тұрғыдан сай болу мәселелерін қарады. Сөйтіп, Кеңес мүшелерінің алдынан өткен 14 үміткерге тиісті баға беріліп, ұсыныс сипатындағы қорытынды қабылданды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар