Көкшетау қаласындағы «Арман» балабақшасының «Балдырған» тобында еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл толуына байланысты ашық сабақ өтті.
Топ тәрбиешілері Гүлбағила Мұратқызы және Айгерім Мұхаммедқызы балаларымызды патриоттық рухта тәрбиелеп, бойларына адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін сіңіруге аянбай үлес қосуда. Ашық сабаққа барлық балалар белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Сөйтіп, бұл шара өте жоғары деңгейде өтті. Біз, «Балдырған» тобындағы балалардың ата-аналары жоғарыдағы қос тәрбиешіге ұл-қыздарымызға осындай ізгілікті тәрбие беріп жатқандарына шын жүректен әкелік, аналық алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта да шығармашылық жаңа табыс тілейміз. Сіздерден тәлім алған балаларымыздың мектеп табалдырығын ойдағыдай аттап, оң, солын білер тәлімді бала болып өсеріне сеніміміз мол.
«Балдырған» тобының ата-аналары.