Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өз көрмесін әкелді - АРҚА АЖАРЫ

Өз көрмесін әкелді

Облыс орталығындағы Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастырған   «Ауылым – алтын  тұғырым»  көрме- байқауына  Зеренді ауданының Ақкөл орта мектебінің ұжымы  белсене қатысты.

Көрменің  ашылу салтанатында  музей директоры Құдайберлі Мырзабек: «Ауыл – руханиятымыздың темірқазығы, құндылықтарымызды сақтап отырған алтын тұғыр. Сол себепті, осындай көрмелер арқылы қала тұрғындары облысымыздың әр ауылымен танысып,  тамыры тереңге тартқан
тарихын білетін болады», – деп өз ойын білдірді.  
Ақкөл ауылының   әкімі  Талғат Мұхамедиев  қазір ауылда   әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті  тұрып жатқандығын, ауылдың өркендеуіне осы тұрғындар өз үлестерін қосып отырғандығын тілге тиек етті. Ақкөл орта мектебі  директорының міндетін атқарушы Людмила Кисиленконың айтуынша,   ауылдың тарихымен қатар, ауыл мектебінің тарихынан сыр шертетін мұражай үш жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Аталмыш көрмеде ауылдың кешегісі мен бүгінгісін көрсететін  фотосуреттермен қатар, орта мектептің  іргесі қаланған уақытынан бастап жұмыс істеген ұстаздардың бейнелері жинақталған альбом да бар болып шықты. Көрмеге мектептің «Шебер» үйірмесінде еңбек ардагерлері мен  Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне арнап жасаған өнер туындылары да қойылған. Мектепте «Шаңырақ» атты мектепішілік газет те  шығады екен. Осы басылым мектеп мұражайында сақталып, мектептің ғана емес, ауылдың шежіресіне айналуда.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар