Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Атқарылған жұмыстар бар - АРҚА АЖАРЫ

Атқарылған жұмыстар бар

Аудан əкімі Асқар Қиықов Макинск, Баймырза жəне Заурал ауылдық округтерінің тұрғындары алдында есеп беріп, жұртшылықты толғандыратын түйткілді мəселелерге қатысты тиісті шаралар туралы атап өтті.

Аудан басшысы Баймырза селолық округі тұрғындары алдында есеп бергеннен кейін, ауыл əкімі Руслан Измайыловтың баяндамасы тыңдалды. Округке осы күні екі елді мекен қарайды жəне онда 756 адам тұрады. Ауыл шаруашылығын да- мыту мақсатында мұнда 5 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен 60-қа тарта шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Шағын жəне орта бизнесті дамыту шеңберінде 7 жеке кəсіпкер өз істерін ашып, жүргізуде. Ауылда «Тəттімбет» жəне «Шошқалы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері де жемісті жұмыс істеуде. Сонымен қатар, округте бір негізгі жəне бір бастауыш мектеп бар. Баймырза ауылында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тəрбиемен 100 пайыз қамтылған. Мек- тептерде жаңа оқу жылы қарсаңында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Округ аумағында 4 дүкен, кітапхана, екі медициналық қосын тұрғындарға қызмет көрсетуде. Жалғыз тұратын қарт адамдарды 3 əлеуметтік қызметші өз қамқорлықтарына алған. Аймақтарды дамыту бағдарламасы ая- сында округке қомақты қаржы бөлініп, Абылайхан жəне Досов көшелеріне құм төгу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы ауа райының қолайсыздығына қарамастан, диқандар жақсы астық жинады. Гектар түсімі 13,2 центнерден айналды. Округте сандық АТС тұрақты жұмыс істейді жəне ұялы бай- ланыс та орнатылған. Тұрғындардың басым көпшілігі «Отау ТВ» қызметіне қосылған. Жұртшылықты алаңдататын басты мəселе Баймырза ауылын республикалық маңызы бар тас жолға қосып, Шошқалы ауылы- мен байланыстыратын тас жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу болып отыр. Макинск ауылдық округінде атқарылған жұмыстардың қатарында аудандық бюд- жеттен ауылдарды жарықтандыруға 1,6 миллион теңге шамасында қаржының бөлінгендігін айтуға болады. Сол сияқты, тазалық, жолды күту жұмыстарын жүргізу үшін де қаражат қарастырылыпты. Мұнда елді мекендердің экономикалық жағдайын көркейту үшін ре спубликалық бюд- жеттен 2016 жылы 2, 6 миллион теңге бөлінген. Осы берілген қаражатқа Макинск ауылында көгалдандыру бағдарламасы б о й ы н ш а к ө ш е л е рд і ң б о й ы н а а ғ а ш қоршаулар жасалып, сырланды жəне 3754 көшет отырғызылды. Ауылдық округ əкімі Əсет Шəріпов ауылдардағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен шаруа қожалықтарына, же ке к ə с і п ке рл е р ге қ ы с м е з г і л і н д е ауылдардың жолдарын тазалауға тех- ника бөліп, көмек көрсетіп жатқандары үшін алғысын білдірді. Округте 3 орта, 1 негізгі жəне 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Мектептерде 438 оқушы білім алуда. Мақпалда былтыр 80 орындық негізгі мектептің құрылысы аяқталды. Макинск, Бұланды, Қоғам, Мақпал орта мектептерінде от жағу қазандықтарында электрлік станциялар бар. Макинск ауы- лында мүгедектер мен қарттарға арналған медициналық-əлеуметтік мекемесі бар, онда 93 адам тұрады. Былтыр Макинск дəрігерлік амбулаториясының қазандығына жөндеу жұмысы жүргізіліп, пеш электрлік қ а з а н д ы қ қ а ау ы с т ы р ы л ы п т ы . Қ а з і р ауылдық округте 2986 адам тұрады. Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін Заурал жəне Яблоновка ауылдарында су ұңғымалары орнатылған. Құдықағаш ауылында екі су ұңғымасы бар. Олардың барлығы заңдастырылған. Аудан əкімінің тұрғындармен өткен жылғы кездесуінде көтерілген Степняк – Құдықағаш– Заурал, Баймырза – Автобам, Макинск – Мақпал, Үлгі – Ұйымшыл авто- жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мəселесі бойынша жұмыс істеліп, ретке келтірілгендігі туралы есеп беру барысында Асқар Қиықов айтып өтті. Сол сияқты Заурал ауылындағы көпірге жөндеу жүргізіліпті. Алты елді мекеннің сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін бюджеттен 27 мил- лион теңге ақша бөлінген. Кездесу барысында ауылдық округтердің тұрғындары көшелерді абаттандыру, ауыл ішіндегі жолдарға жөндеу жұмыстарын ж ү р г і з у, м е к т е п ғ и м а р а т ы н а н б у қазандықтарын шығару, сумен қамтамасыз ету мəселелерін көтеріп, қыс мезгілінде аудандағы маңызды жолдарды қардан таза- лауды үнемі назарда ұстауды сұрады. Аудан басшысы жұртшылықты толғандырған б а р л ы қ ж а й д ы м ұ қ и я т т ы ң д а п , ə р мəселе өз ретімен шешілетіндігін айтып, ауылдарды өркендетуге көп көңіл бөлініп жатқандығын жеткізді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар