Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нағыз күткен сыйлық - АРҚА АЖАРЫ

Нағыз күткен сыйлық

Александр сөзін грек тілінен аударғанда адамдарды қорғаушы деген мағынаны білдіреді екен. Алайда, біздің басты кейіпкеріміз Александр Бабичтің, яғни, Сашаның тағдыры бұған мүлде кереғар.

Тағдырдың жазуымен ол өзі мейірімді жандардың жан жылуы мен сүйіспеншілігіне мұқтаж.  – Мен адамдардың мейірімі мен жылы шырайлы жүзінен қуат алып, өмірге деген құштарлығым артады. Олардың жанталасқан күйбең тірлігін көргенде, солар сияқты өз ісіммен, шаруаммен айналысқым келеді, – дейді өмірге құштар Саша.  
…2001 жылдың көкек айында Қостанай облысының Крыловка селосында Григорий мен Татьяна Бобичтердің отбасында алты айлық сәби дүниеге келеді. Тағдырдың жазуы болар, мерзімінен ерте туған бала сал болып туады. Александрдың анасы сәбиінің денсаулығын ойлап, талай таңдарды жылаумен атырады. Алайда, Саша кембағал болғанымен, ол толық отбасында, екі ағасы мен екі қарындасының ортасында өсті. 2007 жылы бұл отбасы Аршалы ауданына қоныс аударып, осында тұрақтап қалды. 2008 жылдан бастап, өз қатарластары сияқты үйде отырып-ақ орта мектепте білім ала бастайды. Оған аудан орталығынан әлеуметтік қызметшілер келіп,  көмек көрсетіп тұрды. Саша өзінің мүмкіндігінің шектеулі екендігіне қарамастан, белсенді өмір салтын ұстануды әдетке айналдырды. Ол бүгінде басқа балалар сияқты үйірмелер мен орталықтарға барады, үйде отырып шығармашылықпен айналысады. Оның қолынан шыққан қолданбалы өнер туындылары аудандық, облыстық көрмелерге қойылып, бірнеше мәрте дипломдармен және бағалы сыйлықтармен атап өтілді. Ата-анасына да ұйымдастырушылар тарапынан осындай бала тәрбиелеп отырғандары үшін Алғыс хаттар келіп жатады. Оның қолынан шыққан заттар мен бұйымдар өзіндік қиял-ғажайып ерекшелігімен көз тартады. Құмнан, жармадан, ермексаздан және басқа да материалдардан жасаған бұйымдары, кәдесыйлары кім-кімнің де болса көңілінен шығуда. Ол өлең оқығанды ұнатады. Есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған.
Сашаның тағдыры оңай емес, өз бетімен басқа балалар сияқты жүріп-тұра алмайды. Тек қана мүгедектер арбасының көмегімен қозғалады. Темір де тозады демекші, сол бір арбаның тозығы жетіп, істен шығып қалды. Ал, Саша белсенді өмір салтын ұстанғаннан кейін түрлі іс-шараларға қатысып, кейде ауданнан алыс аймақтарға шығуына тура келеді. Жаны жаралы жан шақырылған іс-шаралардан қалғысы келмейді. Мұндайда әрине, жөні түзу арбасыз болмайды. Соны біліп, «Мейірімді жандар клубының» атынан Гүлмира Әбдірашева биыл оған дәл осындай арбаны сыйға тартты.  
Саша оның барлық тетіктерін зерттеп, танысып шықты. Бұрынғы арбасы ескі үлгіде болған еді. Қазіргісі жаңа үлгіде. Баланың жүзінен көңілді күлкіні көрген ата-аналары да оның қуанышына бірге шаттанды. Гүлмира Әбдірашева жоғарыда аталған клубтың  негізін қалаушы. Клуб осындай мұқтаж жандарға үнемі қол ұшын беріп,  демеушілер табумен айналысады.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар