Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсыны еске алды - АРҚА АЖАРЫ

Жақсыны еске алды

Ерейментау қаласында баспасөз саласының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан КСРО Журналистер одағының мүшесі, марқұм Серік Дәулетбекұлы Жұматовтың 75 жылдығына орай, «Тарих шежіресінде ізі қалған» атты еске алу кеші болып өтті.

Аталған шараға Серік Жұматовтың  жан жары,  балалары  мен достары, ағайын-туысқандары қатысты. Бөгенбай батыр атындағы тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Мәнап Әдірешев  білікті  журналистің  өнегелі өмір жолын айтып, азаматтық тұлғасы жайында тағылымды сыр шертті. Сондай-ақ, кеш барысында  жиналған қауымға қаламгер өмірінен сыр шертетін бейнебаян ұсынылды. Жылдар бойы аупарткомда, сондай-ақ, редакцияда бірге қызмет атқарған әріптестері мен замандастары Қайрат Өсіпов, Мақсұт Баймұрынұлы, Олжахан, Сағат Айдаболовтар, Дәметкен Әдірешева оның еңбекқорлығы мен адамгершілік қасиеттерін, абыройлы азамат болғанын  қадап айтты. Әсіресе,  журналистің сыныптас досы Серік Сыздықов: «Мен үшін адал, ақкөңіл, елгезек Серіктің орны бөлек. Бала кезімізден  бірге өстік. Мектепте жүріп, жазуға  ерекше қызығушылық танытқан азаматтың туған жеріне аянбай қызмет еткені, қарымды қаламгер атанғаны жұртқа мәлім. Мәнді де мазмұнды ғұмыр кешкен досымызды біздер ешқашан да ұмытпаймыз», – деп қызықты естеліктерімен бөлісті. Кеште мектеп оқушылары ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, қасиетті домбырамен  тебіренте күй шертті.
Шара  соңында Серік ағаның жары Тыныштық Жәниқызы әсерлі кештің өтуіне ықпал жасаған азаматтарға алғысын әрі ризашылық пейілін білдірді. Соңынан ас беріліп, марқұмның рухына арнап құран бағышталды.

 Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар