Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалқаулықтан қалай құтылуға болады? - АРҚА АЖАРЫ

Жалқаулықтан қалай құтылуға болады?

Жалқаулық адамдардың бәріне тән қасиет. Ол біреуде көбірек, енді біреулерде азырақ болады. Жалқаулыққа бой алдырған адамның ешқашан ісі өнбейді, отбасында да, жұмыста да абырой-беделден айырылады. Жалқау адам өзінің уәдесі мен міндеттерін орындамайтындықтан, үнемі сылтау айтып, ақталуды әдетке айналдырады. Сондықтан, жалқау адамдар әдетте өтірікші болып келеді.

Жалқаулық барлық адамның бойында болады десек те, мұндай қасиет жалпы алғанда ұлттық салт-санаға да байланысты болады. Бір халықтарда жалқаулық көбірек те, екіншілерінде аздау болып жатады. Мәселен, іргелес Қытай халқын алып қарайық. Жері тау-тасты қытайлықтар 1 миллиардтан астам адамды азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Кеңес заманында Қытайға барып қайтқан адамдар олар тіпті, үйлерінің төбесіне дейін көкөніс немесе басқа дақылдарды егіп тастайды екен деп таң-
ғалып келетін.
Ертеректе Торғай облысының Қима деген шалғайлау ауданда газетте қызмет істедім. Тілші ретінде ауылдарды көп аралаймын. Сонда байқағаным, кілең қазақтар тұратын ауылдарда ағаш, бау-бақша болмайды. Кеңшар басшылары салып берген үйлердің сырты қарақотырланып, сылағы түсіп сұрықсыз болып тұрады. Немістер көп тұратын Запорожье деген село болды. Көкпеңбек бау-бақша, үйлері аппақ, әктелген, сол кездің өзінде хан сарайындай зәулім үйлерді немістер өздері-ақ, салып алатын.
Біз жалқау емеспіз деп қанша жарияға жар салсақ та, шындығында жалқаулық қазақтардың қанына сіңген қасиет пе деп қаласың. Ұлы Абайдың қара сөздерінде қазақтардың жалқаулығы жайында көп айтылады. Абай заманынан бері көп уақыт өтсе де, әлі күнге дейін қазақ сол ескі әдеттен арыла келмей жатқан сыңайлы.
Қазақтардың істен гөрі, сөзге үйір болып, жалқаулыққа бой алдыратыны малмен күн көретін ата-баба кәсібіне байланысты ма екен деген де ой келеді. Малды өріске жіберген соң қыр басында шынтақтап жатып, әңгіме соғуды әдетке айналдырған қыр қазақтарының бүгінгі ұрпағы да істен гөрі, сөзді жақсы көретіні байқалады.
Жалқаулық мойынға мінсе, ол ешқашан, еш жерде опа таптырмайды. Одан құтылу үшін не істеу қажет? Алдымен жалқаулықтың неден пайда болғанын, түп тамырын бағамдап алған жөн. Жалқау адамдар әдетте, бүгін істейтін шаруаны үнемі ертеңге ысырып тастауға әуес келеді. «Ертең-ақ жасармын, жау қуып бара жатқан жоқ, үлгеремін ғой» деген дайын сылтауды көңілге медеу ететін жалқаудың ешқашан ісі өнбейді.
Жалқаулықтың тағы бір себебі – салдыр-салақтық. Салақ адам істейтін шаруаларының ретін білмейді, әйтеуір ыңғайы келгенді жасап, жұмыс істеген болады. Реттілік болмағасын кейбір шаруаларын ұмытып кетіп немесе маңызды шаруаларын былай қойып, ұсақ-түйекпен уақыт өткізеді.
Жалқаулықтан арылу үшін, өзіндік даму ғылымын жетік меңгерген, қайыршыдан миллионер болған американдық Алекс Яновскийдің айтуынша, ең алдымен, бүгін жасайтын шаруаңды ешқашан ертеңге қалдырмау қажет. Тіпті, уақытыңыз болмай, басқа шаруалар киіп кетіп жатса да, бүгінгі ісіңізді міндетті түрде бүгін істеп машықтаныңыз. Бұл – жалқаулықты жеңудің бірінші және негізгі тәсілі.
Екіншіден, таңертең бүгінгі атқаратын барлық шаруаларыңызды пысықтап, қағазға түсіріп жазып қойыңыз. Маңыздыларын бірінші кезекте, маңызы төмендеулерін кейінірек тындырамын деп белгі соғыңыз. Осыдан кейін сол өзіңіз ойластырған жоспар бойынша шаруаларыңызды рет-ретімен атқарыңыз. Мұны күнделікті берік әдетке айналдырыңыз. Міне, қарапайым осы екі жаттығу арқылы сіз жалқаулықтан жүз пайыз болмаса да, біраз көлемде құтыла аласыз. Мұны жүзеге асыру сізден ақшалай шығынды, көп күш-қуат немесе уақыт жұмсауды қажет етпейді. Тек ниет пен ынта болса болғаны. Есесіне шаруаңыз түзеледі.
Қалкөз ЖҮСІП.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар