Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Күлкі сыйлаған көңілді кеш - АРҚА АЖАРЫ

Күлкі сыйлаған көңілді кеш

Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінде «Біз – нұрлы болашақ ұрпағымыз» атты маусымашар күлкі кеші  өтті.

Оған №4 орта мектебінің  «Шала қазақтар», №2 мектеп-лицейінің «Нұр жастар», қазақ орта мектебінің «BMW», агротехникалық колледжінің командасы, Ақсуат ауылының «Ұнамаса қарама», Сілеті ауылының «Патриот жайдарман» және Малтабар ауылының «Көз тимесін» топтары   қатысып, өздерінің өткір әзілдерімен көрермен көңілінен шықты.
Өнерпаздар қоғамымызда көрініс берген түйткілді мәселелерді астарлы әзіл-қалжыңмен жеткізді. «Патриот жайдарман» тобы тақырыпқа сай өнер көрсетсе, «Нұр жастар» тобы отансүйгіштік қойылымдарымен ерекшеленді. Сондай-ақ, «Көз тимесін» командасы да  көрермендерге  көңілді күлкі сыйлады.
Тартысты сайыс додасын қорытындылаған әділқазылар  алқасы ойынның өз деңгейінде өткенін айтып, бас жүлдені Сілеті ауылынан келген «Патриот жайдарманы»  командасына берді. Ал,  екінші орынды агротехникалық колледжінің білім алушылары иеленсе, үшінші  орынды №4   орта мектебінің оқушылары місе тұтты.  Сонымен қатар, әр команда арасынан Данияр Аманжолов, Дінмұхаммед Ғабдулл-Ғазизов, Гүлсім Нұрекешова, Бақтияр Жәпенов, Нұрлан Жұмықов, Азамат Нағашыбай сияқты  өнерпаздар үздік деп танылды.  

Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.                                      

Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар