Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өмірде өз орнын тапқан - АРҚА АЖАРЫ

Өмірде өз орнын тапқан

Еліміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келген жергілікті полицияның учаскелік инспекторы Ғаллы Есмағамбетовтің 25 жасында қол жеткен жетістіктері аз емес.

1991 жылдың 17 қазанында дүниеге келген ол мектеп бітірген соң өзгелер сияқты қандай оқуға барамын, қандай мамандық аламын деп ойланбастан, бірден жүрек қалауымен Ақтөбенің заң колледжіне оқуға түсті.  2011 жылы осы оқу орнын бітіріп шыққан жас маман Көкшетау қаласында еңбек жолын бастады. Учаскелік инспектордың таңертеңнен түн ортасына дейін созылатын жұмыс күні демалыс және мереке күндері тіпті қыза түседі. Осылайша олар демалыссыз жұмыс істейді.  Алғашында аса ауыр көрінген қызметіне келе-келе бойы үйреніп, жұмыссыз өмірді көз алдына тіпті, елестете алмайтын күйге түскендей.
Қылмыспен де, заң бұзушылықтармен де ең алдымен бетпе-бет кездесетін адам – учаскелік инспектор. Жас жігіт өз аумағындағы тұрғындардың бәрін дерлік жақсы таниды. Күніне бірнеше рет үйлерді аралап, түзеу мекемесінен босап шыққандармен, арақ ішетін, басбұзарлыққа бейім азаматтармен кездесіп, әңгіме өткізіп тұрады. Полиция қызметкерінің жұмысын дұрыс түсінбей, теріс қабылдайтын жайлар да кездеседі. Сондайда сезімге салынып, ашуға берілмей, салқынқанды болған жөн. Жас жігіттің бойында ондай қасиет молынан табылып жатады. Содан болар, ол ешкіммен ешқашан дауыс көтеріп, қатты ренжіскен емес.
Өткен мерекелі жылы Ғаллының өмірінде де жағымды жаңалықтар болды. Бір мекеменің басшысы ақшасын жоғалтып, соның мәселесімен барғанда әлгі қызмет істейтін ұжыммен түгел әңгімелесіп шығуына тура келген. Сол күні жалақы алған әлгі азамат ақшасын әмиянына салады. Содан жұмыс кабинетінде кәстөмінің қалтасында тұрған ақшасы жоғалған. Күдік барлық ұжым мүшелеріне түсті. Осыған орай, адамдармен түгел сөйлесуге тура келді. Осының нәтижесінде ол болашақ жары
Замирамен танысты. Көп ұзамай екі жас шаңырақ көтерді. Ал, таяуда Ғаллы Есмағамбетов капитан шенін алды. Міне, осындай қос қуаныш сыйлаған 2016 жыл жадында ұзақ сақталып қалатын болды.

Қалкөз Жүсіп.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар