Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында дәйекті жұмыс қажет - АРҚА АЖАРЫ

Кедергісіз орта қалыптастыру бағытында дәйекті жұмыс қажет

«Нұр Отан» партиясының  облыстық филиалында «Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба шеңберінде өткен қоғамдық қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің мұң-мұқтаждарын ортаға салды.

Қабылдауға Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің облыс бойынша департаменті, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары қатысып, олар көкшетаулық 12 азаматты жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға келген мүмкіндігі шектеулі жандар көбіне тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жайы, арбаға таңылған кембағал жандардың медициналық мекемелерде қызмет алуы мәселелері,  бірінші топқа жататын мүгедектердің әлеуметтік қызмет түрлерін үйде алуы, тұрғын үй мәселелері, мүгедектікті қайта қарау, мүгедектерге берілетін бір жолғы жәрдемақы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақтар жайы сияқты мәселелерді көтерді.
Көкшетау қаласындағы белгілі бір орта мектепте ағылшын тілінен сабақ беретін екінші топтағы мүгедек Ольга Кузнецова өзінің жеке мәселелерін алға тартып, оған тиісті жауап алғаннан кейін қалада мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы сұрады. Бұл орайда, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова бұл мәселе үнемі бақылауда тұрғаны, 2012 жылдан бері осы бағытта жұмыс жүргізіліп келе жатқаны туралы толық түсіндіріп, нақты мысалдармен айтып берді. Қаладағы 1672 нысанның 1456-ы мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықталып, бейімделген. Республика бойынша астаналық облыс мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыруда 5-орында тұрғанын атап өтті. Облыс орталығындағы мүгедектерді таситын «Инватаксидің» қызметі туралы да айтып берді.
Сондай-ақ, бірінші топтағы мүгедек Александр Ивановичтің көтерген мәселесін де ерекше атап өтуге болады. Мәселен, қаладағы темір жол вокзалының алдындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автотұрақ орнының белгісі болғанымен, оның жанында орынның жеткіліксіздігі және көлікпен бұрылған кезде ыңғайсыз екендігін айтып шағымданды. Бұл мәселе бойынша облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау, көші-қон департаментінің басшысы
Нұрлан Шериязданов жауап берді. Оның айтуынша, аталған мәселе бақылауға алынып, жақын арада комиссия құрылып, аталған автотұрақтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тұрағы қайта қаралатынына сендірді.
Жалпы қоғамдық қабылдауға келген барлық мұқтаж жандарға заңнамалық, кеңестік қызметтер көрсетіліп, жеке мәселелеріне барынша көмек беріліп, мүдделі орындар өз бақылауларына алды және тиісті жұмыс атқарылатындығы жайында айтты.
Мұндай тақырыптық қоғамдық қабылдаулар жиі өткізіліп тұрса, мүмкіндігі шектеулі жандардың жанайқайын естіп-білу арқылы осында келе алмай жүргендерінің де мәселелері шешілетіні сөзсіз.
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қызметкерлерінің мәлімдеуінше, мұндай мүмкіндігі шектеулі жандардың «Кедергісіз келешек» тақырыптық қоғамдық қабылдауы тоқсан сайын өткізіліп тұрады екен.
Бұл күні «Нұр Отан» партиясының облыс бойынша қоғамдық қабылдауларына мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан жалпы 106 арыз-шағым түсті. Облыстық филиалдағы қоғамдық қабылдаудан бөлек, аудандарда да денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау саласы сияқты мүдделі органдардың өкілдері мұқтаж жандарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, оларға тиісті көмегін, ақыл-кеңестерін берді.

Ырысалды Шамшиева.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар