Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әкемнің аты өшпейді - АРҚА АЖАРЫ

Әкемнің аты өшпейді

Таяуда Моңғолиядан ет жүрегімізді елжіреткен сүйінішті хабар жетті. Баян-Өлгий аймақтық «Алтын Жұлдыз» орденді қазақ музыкалық-драма театрының құрылғанына алпыс жыл толған екен. Осы театрға менің әкем, дарынды драматург-жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Құрманхан Мұқамәдиұлының есімі беріліпті. Аймақтық театрда осы қуанышқа орай ас беріліп, біз үшін жүрек толқытарлық оқиға арнайы атап өтілген көрінеді.

 

Жол шалғай болған соң жете алмадық. Қуанышты хабарды айтып, нағашы ағам Әдебиет Байдоллаұлы да құттықтады. Әкеміздің мол мұрасын, артында қалдырған рухани байлығын зерделей зерттеп жүрген, әкеміздің көзі тірісінде бірге жұмыс істеген, «Асылдан қалған асыл сөз» деп аталатын қомақты еңбек жазған журналист Рысбек Зұрғанбайұлы да тілдесті.  
Енді әкем туралы бір ауыз сөз  айта кетейін. Соңғы демі үзілгенше қолынан қаламы түспеген әкей Моңғолиядағы ұлттық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі болды. Алғашқы шығармалары 1964 жылдан бастап қазақ тілінде басыла бас-тады. 1970 жылдан моңғол тілінде баспа жүзін көрді. Моңғолия қазақтарының жаңа сипаттағы ұлттық жазба әдебиетінің негізін салушылардың бірі еді. Алғашқы латын әрпімен басылған «Өлеңдер жинағы» атты кітапшасы оқырман қауымды елең еткізе түскен болатын.
Өнімді еңбек етті. Жазу еңбегімен қатар басшылық қызмет те атқарды. Аймақтық партия комитетінің бірінші хатшысы болды. Моңғолия Жазушылар одағының бас хатшысы, әйгілі ақын Д.Сэнгэмен бірлесіп, «Кезең үстінде» атты пьеса жазды. Бұл туынды Моңғолия қазақтарының жазба әдебиеттегі үлкен табысы болатын. Әкей шығармаларының дені – драмалық шығармалар. «Кезең үстінде», «Жасыл дөң», «Тұнбакөл шайқасы», «Тамыр дәрі», «Тоғысқан тағдырлар» тәрізді.
Көкшетаулық көзі қарақты ағайын менің ағам, белгілі қаламгер Баман Құрманханұлын білуге тиісті. Ел тәуелсіздігін алғаннан кейін ата жұртқа ат басын бұрған қалың елдің алғашқы легінде келіп, облыстық телерадиокомпаниясында қызмет істеді. Баман ағам да көптеген туындылар жазды.
Әрине, әкеміздің еңбегі туралы көп дүние жазуға болар еді. Бірақ, бүгінгі мақсат ол емес, алдымен ағайын-туыстың, тілектес жамағаттың зор қуанышына айналған театрға есімінің берілу жайы. Бір кезде өзіміз дүниеге келген, ат жалын тартып мініп, ер жеткен өлкеде рухани дүниенің бастау-бұлағы болып әкеміздің аты мәңгілікке қалады деген зор қуаныш. Көкірегімізді кернеген осы бір қуанышты көкшетаулық қауыммен бөліскім келді.

Есет ҚҰРМАНХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар