Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өтеді - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өтеді

Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінде  Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы   форматының  өзгеруіне байланысты облыстық семинар  болып өтті.
Семинарға білім саласының қызметкерлері, оқушылар, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Сонымен қатар,  онлайн режимінде өткен аталған шараны облыс аудандары мен қалаларынан  сегіз мыңға жуық  мектеп оқушылары мен мұғалімдер қауымы көріп танысты.   
Семинарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов ашып, жүргізіп отырды. Оның айтуынша,  жаңа форматтағы  ҰБТ-дан  оқушылардың  білім сапасы нақты  анықталатын болады.
Кез-келген оқушы білім алып, белгілі бір  мамандық иесі атануды армандайды. Осы мұратқа  жету үшін  оған Ұлттық бірыңғай тестілеуді   ойдағыдай тапсыру керек. Биылғы жылы бұл  формат жылдағыдан  өзгешелеу өткізілмек. Енді мектеп түлектері бір емес, екі  рет сынақ  тапсырады. Ең алдымен, өздері оқып жүрген білім ошақтарында емтихан тапсырып, орта білім  туралы  аттестат алатын болса, одан кейін жоғары оқу орнына түсерде талапкер ретінде  өзі қалаған білім ордасында  болашақ мамандығына сай тест тапсырады.
Мектепте өтетін сынақта олар  5 пәннен емтихан тапсыруы тиіс.  Оның ішінде оқу тілі  бойынша   әдебиет пәнінен  250 сөзден тұратын  эссе жазады. Бұл оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуін анықтау үшін қажетті әдіс. Сонымен қатар,  орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде білім алатын оқушылар  қазақ тілінен, қазақ мектептерінің оқушылары орыс тілінен  тест тапсырады. Ал,  Қазақстан тарихы пәнінен барлық оқушылар  емтиханды ауызша,  алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша береді.  Сондай-ақ, оқушылар таңдап алған мамандығына сәйкес бір пәннен емтихан тапсыратын болады.  Жаңа ережеге сәйкес,   бұдан былай «Алтын белгі» иегерлері мен республикалық және халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары да  Ұлттық бірыңғай тестілеуді   жалпыға бірдей негізде тапсыратын болады.  Биылғы жылғы ҰБТ форматы бойынша  жоғары оқу орындарында тапсырылатын сынақта 5 пәннен 120 сұрақ қарастырылыпты.  Мұнда талапкерлердің  сауаттылығы да тексеріледі.  Оқу сауаттылығын анықтау үшін мәтінді оқып шығып, соған қатысты өз ойын білдіріп, салыстыру әдістерін қолданатын болады.
– Бұл болашақ маманның логикалық ойлау жүйесі мен сөйлеу деңгейін анықтау үшін керек, –  дейді  Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Қанат Піралиев.  
Тестілеу уақытына  3 сағат 30 минут беріледі. Жоғары оқу орнына түсуге қажетті шекті балл сол бұрынғы қалпы 50 ұпай болып,  өзгеріссіз қалды.

Назгүл Рабилова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар