Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнім өндірушілерге керегі бәсекеге қабілеттілік - АРҚА АЖАРЫ

Өнім өндірушілерге керегі бәсекеге қабілеттілік

Облыстық кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова кәсіпкерлермен кездесіп, Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында айтылған басым бағыттар туралы түсінік берді.

 

Депутат алдымен, Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының маңыздылығына тоқталып, құжаттың сексен пайызы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға арналғанын атап өтті.
– Жолдауда жаңа кезеңде еліміздің одан әрі дамуы жөнінде айтылған. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі жағдайда Қазақстанды бәсекеге қабілетті ету біздің басты міндетіміз екенін атап өтті. Ел дамуының жаңа бағыты бизнес ортасын дамытып, кеңейту басымдықтардың бірі болып табылады. Жаңа бағдарламалық құжатта 2050 жылы шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын құрау қажеттігі белгіленген. Осы басымдықтың аясында шағын бизнес үшін барлық кедергілер түрін азайту, мемлекеттік- жекеменшік серіктестігін дамыту, жұмыспен қамтуды дамытудың жаңа бағдарламасына сәйкес шағын несиелеуді көбейту тәрізді өзге де міндеттер қойылды,– деді Меруерт Қазбекова. – Экономиканы жедел технологиялық жаңғырту қажет. Осы орайда цифрлық технологияны қолданып, жаңа индустрияны енгізу тапсырылды. Ал, «Цифрлық Қазақстан» – бұл ашықтық, қағаз үрдістерін жеделдету. Біз мұны қолдаймыз. Сондай-ақ, еңбек өнімділігін арттыру міндеті тұр. Ал, мұны базалық салаларды технологиялық жабдықтау арқылы жүзеге асыруға болады.  Кәсіпорынды жаңғырту үшін жаңа жобаға деген көзқарасты өзгерту қажет. Бұдан бұрын индустрияландыру аясында уақыттың талабына жауап бермейтін жаңа жобалар жүзеге асырылған. Мемлекет қаржысы жұмсалып, тұтынушысы жоқ өнім өндіретін кәсіпорындар ашылды. Бүгінгі таңда Парламентте стандарттар және стандарттау жөнінде жаңа заң талқылануда. Маңызды заң кәсіпкерлерді қорғап, бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Біз дүниежүзілік сауда ұйымы мен ЕАЭҚ мүшесі атандық. Жетілдірілмеген стандарттардың салдарынан бүгінгі таңда бізді Ресей рыногына жібермейді, – деді ол.
Депутат өз сөзінде біздің өнімнің экспорттық әлеуетін арттыру және бұл үрдісте кәсіпкерлердің белсенді қатысуы жөнінде айтты. Жаңғырту текке жүргізілмейді. Ол өндіріс пен өнімді сатудың ауқымды тізбегі түрінде құрылу керек. Бүгінгі таңда мемлекет тек қана бәсекеге қабілетті бизнесті қолдайды. Тек қана мемлекеттік қолдаудың арқасында халықаралық сұранысқа ие бизнестің тізбегін құруға болады деп есептейтін «Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы осы бағытта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды ұсынады.
– Елбасының тапсырмасы бойынша инвестициялық бағдарлама жасалуда. Инвесторлар өз инвестицияларының біздің елде қалай қорғалатынын білгілері келеді. Әрине, бұл дұрыс. Біз де бұл жөнінде ойлануымыз қажет. Біздің партия бірлесе еңбек етудің аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғау жөнінде депутаттық сауал жолдады. Үкіметке біздің еліміздің экономикалық қауіпсіздігінің бөлек стратегиясы мен бағдарламасын жасауды ұсындық, – деді Меруерт Қазбекова.
Баяндамашы Жолдау міндетіндегі экологиялық таза өнім өндірісіне бағытталған аграрлық саладағы шикізатты өңдеуге көшу жөнінде де пікір білдірді. Экологиялық таза өнімді қазақстандық бренд етіп жасауымыз қажет. Кәсіпкерлер бизнес үшін кедергілерді азайту, коммуналдық қызмет пен энергияның бағасы, тариф құру, монополиялық ұйымның жауапкершілігін нығайту жөнінде мәселе көтерді.
– Қазақстан үлкен демократиялық өзгерістің жолында тұр. Конституциялық реформа жарияланды. Бүгінгі таңда алдағы жылдарға мықты саяси жүйе қалыптасады. Парламенттің міндеті мен өкілеттігі кеңейіп, фракцияның рөлі нығаюда. Үкімет жұмысына Парламенттің бақылауы күшейіп, атқарушы биліктен стратегиялық жұмысының сапасын,  ашықтық пен есебін талап ететін болды. Бұл бүгінгі заман талабы, – деді депутат.

Рамазан Тілеуов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар