Ақмол ауылындағы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында және Родина селолық округінің мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова мен Ирина Унжакова жергілікті тұрғындармен жүздесу өткізді. Қос халық қалаулысы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуінің, сондай-ақ, таяу-да республика жұртшылығына арнаған Жолдауының мән-мазмұнын бүге-шігесіне дейін түсіндіріп берді.
Ел дамуының басты бағытына тірек болатын негізгі бес басымдылық көпшіліктің көңілінен шыққандығын екпін түсіре айта кеткен жөн. Халық қалаулыларымен кездесу барысында ел ішіндегі кейбір өзекті мәселелер де көтерілді. Көпшіліктің сауалдарына депутаттар тұшымды жауап берді.
Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу заман талабы. Өйткені, төрткүл дүниенің тынысы өзгерген. Сол себепті, ендігі арада жаңғырусыз болмайды. Үндеуге байланысты осындай ой түйінін қуаттаған жұртшылық ел дамуы бағытында асқаралы міндеттер жүктеп отырған Жолдаудың мәнін де терең түйсініп, қызу қолдап отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.