Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері артты - АРҚА АЖАРЫ

Зейнетақы мен жәрдемақының мөлшері артты

2016 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке 2017 жылдан бастап зейнетақы мөлшерін  2016 жылғы деңгей бойынша 20 пайызға арттыруды тапсырған болатын. Осыған сәйкес, 2 миллион 100 мың қазақстандықтың зейнетақысы өсті. Сондай-ақ,  2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 20 пайызға артады.

Сонымен,  2017 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға көбейіп, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау үшін  2017 жылғы 1 шілдеден бастап жасына байланысты және сіңірген еңбегі үшін зейнетақы төлемінің мөлшері, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, олардың өсуін қамтамасыз ету мақсатымен 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға арттырылады.
Мемлекет  басшысының тапсырмасын орындау үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына тиісті өзгертулер мен толықтыруларды  енгізуімен бала тууына берілетін жәрдемақының мөлшері  20 пайызға жоғарылайды.
Бекітілген республикалық бюджеттің базалық көрсеткіштеріне сәйкес, 2017 жылғы 1 қаңтардан бас-тап зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 148 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 12 802 теңге. Сонымен, жаңа жылдың басынан тағайындалатын ең төменгі зейнетақы төлемінің мөлшері – 40 950 теңге болады.
Жаңадан тағайындалған зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс – 41 айлық есептік көрсеткішті құрайды, теңгемен шаққанда – 93 029 теңге.
Мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы мен жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы мөлшері бойынша бекітілген ең төменгі күнкөріс көрсеткіші – 24 459 теңге.
Сонымен, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жалпы аурулардан, қызметте жүріп жарақат алған немесе кәсiби аурулардан мүгедек болғандарға, бала кезінен мүгедектерге келесі жағдайда төленеді.
І  топтағы мүгедектерге – 43 538 теңге, ІІ топтағыларға – 33 999 теңге, ІІІ топқа жататындарға – 23 970 теңге. Ал, он алты жасқа дейiнгi мүгедек балаларға –  32 042 теңге, бала кезiнен бiрiншi топтағы мүгедектерге –
43 538 теңге, бала кезiнен екiншi топтағы мүгедектерге – 35 466 теңге және бала кезiнен үшiншi топтағы мүгедектерге – 27 884 теңге төленеді.
Елімізде әскери қызмет кезінде, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық нысандардағы апаттың зардабын жою салдарынан мүгедек болып қалған адамдар бар. Олардың 1-топтағы мүгедегі – 51609 теңге, 2-топ мүгедегі – 41581 теңге, 3-топ мүгедегі 32042 теңге алады. Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары мен бұрынғы Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қызметкерлерi арасынан шыққан 1-топ мүгедегіне – 67018 теңге, 2-топ мүгедегіне – 47696 теңге және 3-топ мүгедегіне 32042 теңге тағайындалған.  Асырау-шысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар келесі негізде төленеді. Мәселен, еңбекке жарамсыз бір мүшесі болғанда – 21035, екеу болғанда – 36444, үшеу болғанда – 45250, төртеу болғанда – 47940 теңгеден төленеді. Бесеу болғанда – 49652 теңгеден отбасының барлық еңбекке жарамсыз мүшесіне беріледі. Отбасының еңбекке жарамсыз алты және одан да көп мүшесі болғанда әрбір мүшесіне арналған жәрдемақының мөлшері 51609 теңге төленеді.
Ата-аналарының екеуiнен де айырылған жетім балаларға айлық жәрдемақы әрбiр бала үшін 28 862 теңге мөлшерiнде тағайындалады, отбасының еңбекке жарамсыз өзге мүшелерiне – 13208 теңге мөлшерiнде төленеді, бiрақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелерiне төленетін жәрдемақы 62 616 теңгеден аспайды.
№1 тізімі бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнайы жәрдемақылардың мөлшері  2 269 теңге айлық есептік көрсеткішіне сүйене отырып көбейтіледі, ол – 21 374 теңгені құрайды. №2 тізім бойынша бұл жәрдемақы мөлшері – 19 015 теңге.
Бала тууына байланысты төленетін біржолғы жәрдемақы – 71270 теңге болса, төртінші және одан кейінгі балаларға төленетін жөргекпұл – 118 783 теңге көлемінде тағайындалады. Екi және одан да көп бала туған кезде бала туғанда берiлетiн жәрдемақы әр балаға тағайындалып, төленедi.
Бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы: 1-ші балаға – 13 070 теңге, 2-шісіне – 15 452 теңге, 3-ші балаға – 17 812  теңге, 4-ші және одан көп болғанда – 20 195 теңге беріледі. Осы бала күтімі жөніндегі жәрдемақы жұмыс істемейтін аналарға (немесе әкелерге) республикалық бюджет қаражатынан төленеді. Зейнетақы мен жәрдемақы алушыларды жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы – 35 624 теңге, ал, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерді жерлеуге – 83046 теңге төленеді.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерлері 7 пайызды арттырылды. Мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршысына тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы еңбек жалақысының ең төменгі мөлшеріне сүйене отырып, 25 682 теңгені құрады.
Жұмыс істейтін аналарға (әкелерге) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейінгі оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда ай сайынғы әлеуметтік төлем төленеді. Оның мөлшері бала туардың алдында соңғы 24 ай үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген ай сайынғы табысынан 40 пайызды құрайды.
Виталий ГОРОДЕЦКИЙ,
облыстық «әлеуметтік төлемдерді
ведомствоаралық есептеу орталығы»
 департаментінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар