Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Біліктіліктері тексеріледі - АРҚА АЖАРЫ

Біліктіліктері тексеріледі

Жуырда «Б» корпусына кіретін мемлекеттік қызметшілердің арасында кешенді аттестаттауды ойдағыдай өткізу мәселелеріне  арналған мәжіліс өтті.

Шараға облыс әкімі аппаратының басшысы Жомарт Нұркенов, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Берген Беспалинов, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру орталығының директоры Әлібек Баймағамбетов, сондай-ақ,  мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімінің қызметкерлері қатысты.  
Жомарт Нұркеновтың айтуына қарағанда, уәкілетті орган әзірлеген кешенді аттестаттауды өткізудің тәсілдемелеріне сәйкес жекелеген санаттарды қоспағанда, облыста 3224 мемлекеттік қызметшіні  аттестаттаудан  өткізу жоспарланып отыр.
Ал, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру орталығының мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда облыста 706 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Бұл органдарда 5962 мемлекеттік лауазым бар болса, оның  7-еуі саяси, 25-і «А» корпусының мемлекеттік лауазымдары. Қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау
үшін даярлық жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде.
– Тестілеуді күніне төрт лектен өткізу жоспарланып отыр. Тестілеу залы қажетті компьютерлермен қамтамасыз етілген. Бір күнде 136 адам тестілеуден өте алады. Осыған байланысты ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, маусым айына дейінгі алдын ала желілік кесте әзірленіп, аттестаттаудан өту кезегінің тізімі жасалынды, – деді Әлібек Баймағамбетов өз сөзінде.
Сонымен қатар, отырыс барысында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілдері де аттестат-таудан өтпейтін мемлекеттік қызметшілер санаты туралы  айтып берді. Зейнет жасына шығуға
2 жыл қалған, аяғы ауыр, бала күту демалысындағы және 6 ай еңбек өтілімі жоқ санаттағы мемлекеттік қызметшілер аттестаттаудан босатылады екен. Отырыс барысында мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімінің қызметкерлері тарапынан
сауалдар қойылып, жауаптар алынды.
Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар