Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік тілді меңгеруде - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік тілді меңгеруде

Аудандық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары бұл күндері қысқы  емтихан тапсыруда.  Осылайша «Күзет» қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы инспекциясы, қорғаныс істері, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, мәслихат, темір жол, ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендігін дәлелдеуде.

Мемлекеттік мекемелерде қызмет етсе де мемлекеттік тілді білмейтіндер жасыратыны жоқ қай жерде де  кездеседі. Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілді меңгерту бағытында біраз жылдардан бері жемісті жұмыс істеп келеді. Тыңдаушылар үш жылдық «Қазтест» бағдарламасы негізінде оқып, білім алуда.  Тілді үйренушілер үш тапсырма: тыңдалым, лексика, оқылым бойынша барлығы 350 сұраққа жауап беруі тиіс. Ол үшін аптасына екі рет өтетін 80 минуттық сабақтарға қатысып, мұғалімдердің тапсырмаларын мүлтіксіз орындап отыруы қажет.  Тіл орталығының мұғалімдері
Кәмшат Қадыл, Гүлім Ескеева,Сандуғаш Бөлегенова әр тыңдаушымен жеке жұмыс атқарып, белгіленген  уақытта олардың тілді толық меңгеріп шығуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.  
Орталық директоры Мереке Ермекбаеваның айтуынша, қазіргі күні 11 топ құрылған, әрбіреуінде13-15 тыңдаушы бар. Тіл үйрену топтарында  барлығы 142 адам қазақ тілін меңгеруде. Олардың 39-ы басқа ұлт өкілдері болса, 85-і өз қандастарымыз. Тіл үйренушілер 4 бастауыш, 3 жалғастырушы, 4 жетілдіру топтарында күн сайын дәріс алады. Биылғы оқу жылында қаланың бала бақшалары, аудандық ішкі істер, ветеринария, сәулет, статис-тика, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, өрт сөндірушілер, СЭС, кітапхана ұжымдарының өкілдері мемлекеттік тілді үйренуде.  
Тіл орталығы оқытумен ғана шектелмей, жыл бойы түрлі мекеме, ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен байқаулар, басқа да мәдени шаралар  ұйымдастырып отырады.
Өмірсерік ШАЙХИН.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар