Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жолдау туралы келелі әңгіме - АРҚА АЖАРЫ

Жолдау туралы келелі әңгіме

Елбасы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», – деп атап өтті.

Осы Жолдау және билік тармақтарын бөлу  жөніндегі Үндеу туралы «Көкшетау Энерго Орталығы» серіктестігінің қалалық электр жүйесі филиалының директоры,  Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жанат Әбішев біздің ұжыммен кездесіп, түсінік берді.
– Елімізді дамыту мақсатында жаңа реформа жасалады. Реформаның негізгі мәні –
Президент өзінің біршама өкілеттігін Парламент пен Үкіметке тапсырады. Жаңа реформа басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, – деген депутат ұсынылып отырған реформаның негізгі мәні билік құзырын үйлестіру және саяси жүйені демократияландыру болып табылатынын айтты. Кездесу барысында педагогтар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Мәселен, тәрбиеші Шынар Өзбекова жаңа реформа бойынша Президенттің негізгі рөлі қандай болатынын сұрады. Жанат Әбішев өз
жауабында Елбасына билік тармақтарын қадағалау тәрізді үлкен басымдық берілетінін айтты. Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудегі біршама өкілеттіктері Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға беріліп, оған биліктегілер жауап беретін болады. Үкімет құруда Парламент рөлін, министрлердің депутаттар алдындағы жауапкершілігін күшейту аса маңызды. Енді Үкімет өкілеттігін бұрынғыдай Президент алдында емес, Парламент алдында тоқтату заңды болады. Ұжым мүшелері Жолдаумен қатар үш тілді оқытуға көшу жөнінде сауалдар қойды.
– Мемлекеттік тілдің басымдығы сақталып, дамуына зор көңіл бөлінеді. Бүгінгі таңда ағылшын тілі – жаңа экономиканың тіліне айналып отыр. Осы орайда, Қазақстан ұлттық прогреске жету үшін ағылшын тілін меңгеру керек, – деді Жанат Әбішев. Кездесуде білім саласымен қатар, әлеуметтік мәселелер де көтерілді. Мұндай кездесулер  өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген педагогтар үшін маңызды екенін айтқан жөн.
Жайнагүл ДҮЙСЕНБАЕВА,
№12 «Мерей» балабақшасының мұғалімі.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар