Бауыр – адам тәнінің ең маңызды ағзаларының бірі. Ол сүзгі сияқты барлық залалды заттарды өзінен өткізіп, залалсыздандырады. Автокөліктің фильтрінің лас майды пайдаланған кезде жиі бітеліп қалатыны сияқты, залалды тағамдарды ішіп-жегенде де бауыр қызметі бұзылады.
Бауырдың ауруына әсіресе, алкогольді ішімдіктің зияны өте көп. Бауыр тазаланған кезде тез қалпына келетін ағза. Дегенмен де, адам улы заттарды, соның ішінде спиртті ішімдіктерді көп тұтынуын қоймаса, келе-келе бауыр клеткалары аралық тканьмен алмасады. Ал, бұл созылмалы бауыр циррозына ұшыратады.
Балмен емдеп көріңіз
Балдың емдік қасиеті туралы көп айтып, жазылып жүр. Балды тікелей бауыр ауруына қарсы ем ретінде қолдануға болады екен. Ол үшін жарты литр зәйтүн (оливковый масло) майын, жарты келі бал, 50-100 миллилитр алма қышқылын (яблочный уксус) немесе екі лимонның шырынын алыңыз.
Олардың бәрін бір ыдысқа салып араластырып, бетін жақсылап жабыңыз. Содан кейін тоңазытқышқа салып қойыңыз. Қоспа біраз уақыт тұрған соң ыдыс-ты ашып, ағаш қасықпен жақсылап араластырыңыз. Осыдан кейін күніне үш рет тамақ ішер алдында, жарты сағат бұрын бір шәй қасық мөлшерінде пайдаланыңыз.Төрт-бес күн осындай қоспаны ішкен кезде бауырыңыздың ауырғаны басылады. Бұл тек бауыр ауруына қарсы ғана емес, сондай-ақ, асқазан ауруына да өте пайдалы. Осылайша бір ай емделгеннен кейін, араға 4-5 ай салып, тағы да қоспаны қабылдауға болады.
Сұлы қоспасының пайдасы
Бауырдың созылмалы ауруының алдын алу үшін халық арасында сұлы мен бал қоспасынан жасалған тұнба қолданылған. Оны дайындау үшін 3 литрлік банкіге 2,5 литр қайнаған су құйылады. Содан кейін жақсылап жуылған 100 грамм сұлы мен 150 грамм мамыр айында дайындалған бал алыңыз. Қайнаған суға сұлы мен балды қосып жақсылап араластырыңыз. Банкінің қақпағын жақсылап жа-уып, сыртын одеялмен орап, жылы жерге бір тәулік қойыңыз. Қоспа қараңғы және құрғақ жерде тұруы керек. Осыдан кейін дайын болған тұнбаны тамақтан кейін бір шәй қасық мөлшерінде ішіңіз. Тұнбаны тәулігіне екі рет қабылдау қажет.
Халық еміне қаншалықты
сенуге болады?
Жүздеген, тіпті мыңдаған жылдық тарихы бар халық емі негізінен табиғатта өсетін түрлі шөптер мен өсімдік тамырларын, жапырақтарын, жемістерін және бал, сүт сияқты табиғи өнімдерді пайдаланады.
Шөптен дайындалған тұнбалар мен қоспалардың оншалықты залалы жоқ, ал, түрлі дерттерге қарсы емдік қасиеті барын сондай қоспаларды пайдаланып, ауруларынан айыққан адамдардың тәжірибесі айғақтайды. Халық еміне жүгінесіз бе, әлде дәстүрлі медицинаны дұрыс деп қабылдайсыз ба, ол әркімнің өз таңдауындағы шаруа.
Дайындаған Қалкөз ЖҮСІП.