Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Келешекке қатысты көкейкесті мәселелер ортаға салынды - АРҚА АЖАРЫ

Келешекке қатысты көкейкесті мәселелер ортаға салынды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлу мәселелері жөніндегі  Үндеуінің және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының мәнін ел ішіндегі қарапайым адамдарға егжей-тегжейлі түсіндіріп, алға қойылып отырған іргелі міндеттердің мәнін ұғындыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова мен Ирина Унжакова Шортанды және Бұланды аудандарында болып, жұртшылық өкілдерімен кездесті.

Халық қалаулыларының жұмыс сапары алдымен аудан орталығында, одан соң А.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік астық шаруашылығында жалғасты. Алғашқы кездесуде аудан активімен жүздессе, екінші кезекте астық шаруашылығы орталығының ғылыми қызметкерлерімен, еңбек ардагерлерімен, мемлекеттік қызметшілерімен және «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен емін-еркін пікірлесіп, олардың тарапынан қойылған саналуан тақырыптардағы сауалдарға толыққанды, барынша түсінікті ақпарат берді.
Ирина Аронова жиналған қауымға бес негізгі бағыт туралы қысқа да нұсқа етіп айтып берді. Оның ішінде экономика өсімін жеделдету және бұл орайдағы көрсеткішті әлемдік орта деңгей мөлшерінен асыру міндеті жүктеліп отырғандығын тілге тиек етті. Ал, енді осы орасан зор іс қалай жүзеге аспақ,  оның нақты тетіктері қайда дейтұғын сауалдардың туындауы заңды. Халық қалаулысы бұл істің де оңтайлы әрі тиімді жолдарын түсінікті тілмен ұғындыра білді.
Жүздесуге қатысқан адамдар тарапынан болашаққа бағдар етіп отырған құжаттың кейбір ерекшелігі туралы сауалдар да қойылды. Әрине, қарапайым адамдар бәрін де жете түсініп, білгісі келеді. Ол заңды. Өлкедегі өрісті істерді өрістетуге олар да өз үлестерін қоспақ. Сол тұрғыдан мемлекеттік бағдарламаларды, жергілікті жерде атқарылатын жұмысты үйлестіру туралы пікір алмасылды.
Үндеу мен Жолдауды насихаттап, халыққа жеткізу мақсатында халық қалаулылары Бұланды ауданында да болды. Алдымен, Макинск қаласындағы аудандық мәдениет үйінде жылыжүзді жүздесу өткізілді. Ирина Аронова бұл жерде билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың бөлінуі, Үкіметті жасақтаудағы Парламент рөлінің күшеюі туралы мәселелерге тоқталып өтті.  Екі бағыттың қай-қайсысы болмасын жауапкершілік пен кәсібилікті ұлғайту арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін күшейтеді деді халық қалаулысы.  Ал, Ирина Унжакова Жолдауда айтылғанындай бәсекелестікке қабілеттілікті арттыру маңызды міндет екендігі туралы айта келіп, өз ой-пікірін жеткізді.
Мұнан соң халық қалаулылары Капитоновка селолық округінде болды. Мұндағы әңгіменің ау-жайы да жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде. Округ тұрғындарын толғандырып отырған сауалдар аз емес. Мәселен, ел адамдары жастарды жұмысқа орналастыру, оларға кәсіби-техникалық білім беруге қатысты бірқатар мәселелерді көтерді.  
Халық қалаулылары бұл орайда мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, ел көкейінде жүрген мәселелердің екшеліп жатқанын айтып өтті. Келісіп пішкен тонның келте болмайтыны сияқты, көпшіліктің шын ынта-ықыласымен атқарған шаруасы қашанда нәтижелі болмақ.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар