Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Өнерге тұнған Атбасар жері» энциклопедиясы жарық көрді - АРҚА АЖАРЫ

«Өнерге тұнған Атбасар жері» энциклопедиясы жарық көрді

Атбасар өңірінен  сегіз қырлы, бір сырлы өнер адамдары аз шықпаған.  Олардың ішінде  Ілияс Есенберлин,  Сейітжан Омаров сияқты есімдері алты алашқа кең таралған жазушылар,  Өміржан Мұстафин, Леонид  Седельников, Клара Әмірова, Павел Васильев,  Александр Кулев секілді қаламгерлер бар.

 

Аудандық орталық кітапхана директорының бастамасымен өткен жылы  Атбасар қаласы мен ауылдардан сәндік-қолданбалы өнер шеберлері туралы дерек жинастырылған еді. Кітапханашылар жыл бойы аянбай еңбек етіп, жиналған мәліметтерді құрастырып кітап қылып шығарды. Бұл кітапқа аудан аумағында тұратын он саусағынан өнер тамған шеберлер туралы, олардың еңбектері жайында толымды ақпараттар енгізілген. Бұл анықтамалық арқылы Атбасар ауданының халықтың сәндік-қолданбалы өнер шеберлерімен жақынырақ таныса аласыздар. Олар жұмыс барысында ағашты, сазбалшықты, өрнекті кестелеу, тоқыма, ұсақ моншақты, қағазды, былғарыны, ермексаз, тұзды қамыр, металды, басқа да табиғи заттарды қолданады.
Энциклопедияға енген бірқатар шеберлер туралы қысқаша баяндап кетсем артық болмас.  Ерден Ахметов Атбасар ауданы Полтавка ауылында дүниеге келген. Ағашты өңдеу, ағаш бетіне ою-өрнек оймасын жасау, металды гравюрамен, ағаш инструкциясымен айналысады. Бүгінгі таңда тәрелке, шөлмек декупажымен айналыса бастады. Ұсақ темір бөлшектерінен  сурет салады. Мензифа Бегалина  Атбасар ауданы Садовое ауылында тұрады. Қазіргі таңда Мензифа Ұсабайқызы көрпелер, құстөсектер, жастықтар, киіз үйге көрпелер, әйелдер үшін қапеткелер және ерлердің шапандарын жасауға көп уақытын бөліп, оларды ұлттық қазақ өрнектерімен әдіптеп безендіреді. Әлия Бекенова  Атбасар қаласының №2 мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Жұмыстары көбінесе панно түрінде: былғарыдан, матадан, бисерден, сабаннан және т.б. түрлі заттардан істеледі.
Күлжан Божиг Атбасар ауданы Новоалександровка ауылында тұрады. Қазіргі таңда таспа элементтерімен өрнекті жастықтар тігеді, кестеден тоқиды. Геннадий Бородин Атбасар қаласында тұрады, зейнеткер. Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен – сурет салу, линогравюра, ағаш ою, кескіндемемен айналысады.  Раиса Бородина – Атбасар қаласында тұрады, зейнеткер. Сәндік-қолданбалы өнердің әр түрімен айналысады: қағазбен жұмыс істеу, тоқу, кестелеу, кептірілген гүлдер жинау және флористика.  Надежда Вельш Астрахан ауданы Новый- Колутон ауылында дүниеге келген. Қазір Атбасар қаласында тұрады. Қазір өнерлі шеберіміз флористикамен айналысады, сондай-ақ, қосымша лентамен тігу және құрақпен тігуді меңгеруде. Елена  Вундер  Атбасар ауданының Борисовка ауылында туған. Тоқуға балалық шағынан ынталы,   қазіргі таңда   ғаламтор арқылы тоқыманың сан алуан түрін үйреніп жүр.
«Шебердің қолы ортақ» деген сөз бар қазақта. Өйткені, шебердің қолынан шыққан дүние адамдардың пайдасына жаратылып, халықтың игілігіне қызмет етеді. Өңірімізде тұрып, өмір сүріп жатқан қолөнер шеберлерінің еңбектері мен жасаған туындылары жайында толымды мағлұмат беретін бұл кітап оқырмандар тарапынан лайықты бағасын алады деген ойдамыз.

Күмісжан ДҮЙСЕНБЕКОВА,
аудандық орталық кітапхананың әдіскері.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар