Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қош, асыл аға! - АРҚА АЖАРЫ

Қош, асыл аға!

Қазақ мәдениеті мен өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Ұлтының ұлық өнерін жан-тәнімен сүйіп өткен ақын, әнші-сазгер Тыныштық Шаменов өмірден өтті. Тыныштық аға 1942 жылдың 13 наурызында Еңбекшілдер ауданының Прогресс ауылында дүниеге келіп, Ақмола ауыл шаруашылығы институтында білім алған. Алғаш халыққа ақтаңгер айтыс ақыны ретінде танылды. Өмірінің көбі Көкшетау облысы Ленинград ауданының Айсары ауылында өтіп, осында облыста ең алғаш-қы «Қарлығаш» өнер мектебін ашты.
Сазгердің «Әке толғауы» әні 1987 жылы Қазақстан әуесқой композиторларының фестивалінде дипломант атанды. 1988 жылы республикалық конкурста «Ертіске» әні, Санкт-Петербург қаласында өткен «Шлягер-91», Қырғызстанда өткен Орта Азия елдері байқауларында «Сол бір кеш» әні бірінші орынды жеңіп алды. «Айсары әуендері» әні Мәскеу сахнасында шырқалды. Жалпы, 130 ән, бірнеше өлеңдер жинағын шығарды.
Көкірегі қазына, жан жүрегі елге деген махаббатпен шүпілдеп тұратын еді. Амал не, ендігі бар қолдан келетіні о дүниеде иман байлығын тілеу. Жатқан жеріңіз жарық болсын, ән мен жыр жүйрігі, жампоз аға!
«Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар