Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар керегін тегін алады - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар керегін тегін алады

Облыс орталығында Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы облыстық филиалының бастамасымен «Шапағат» республикалық жобасы аясында «Рахмет – Спасибо»  дүкені ашылды.

Дүкен  «Шапағат» республикалық халықтық жобасы аясында және «Жақсылық жаса» ұранымен ашылып, әлеуметтік жағдайы төмен  отбасыларға, жалғызбасты аналарға материалдық көмек көрсетеді.  Мұндай көмекке мұқтаж жандар аталған дүкеннен  киім-кешек, азық-түлік, күнделікті тұрмысқа қажетті құралдарды тегін  ала алады. Дүкен ашылған күні әлеуметтік көмекке зәру 30-дан астам адам өздеріне және отбасыларына қажетті заттарға қол жеткізді.   
Аталмыш партияның  облыстық комитетінің хатшысы  Бейсенбай Мәжитов дүкеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеп, халықтық  жобаның бүгінде біздің еліміздегі бірнеше қалаларда жүзеге асырылып жатқандығын айтып өтті. Қайырымдылық дүкенінің тағы бір ерекшелігі,  мұнда материалдық көмектен тыс әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж жандарға заңгерлік кеңес беру қызметі де көрсетіледі.  
Тұрмысқа қажетті заттар мен азық-түлік алуға келген адамдардың қарасы көп екен. Материалдық көмекке зәру жандардың бірі – Қ. есімді ақ жаулықты ана. Ол сауапты іс жасап жатқан кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына аналық ақ алғысын білдірді. Осыдан бірнеше жыл бұрын оның туған қызы жарық дүниеден өтіп, артында қалған екі баласын өз қамқорлығына алып, тәрбиелеуде екен. Ал, И. есімді азаматша  бұл дүкенге хабарландыру бойынша келіпті. Бес жыл бұрын оның өмірлік серігі қайтыс болыпты. Бүгінде отбасының барлық ауыртпалығы мен қиындықтарын бір өзі тартып, балаларын қалайда өсіріп, жеткіземін деп жанын салып жүр. Қазір ол бір орталықтың еденін жуады. Бар үміті – Омбы қаласында  жоғары оқу орнында оқып жүрген қызы. Бұл азаматша да игі жұмысты бастаған партия қызметкерлеріне  жылы лебізін білдірді.  Дүкен кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының демеушілігі негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға және мұқтаж жандардың жағдайына бейжай қарамайтын, жүрегінде иманы бар, мейірімді, жомарт адамдар да дүкенге өздерінің кимейтін, жөні дұрыс киім-кешектерін әкеліп тапсыруда. Сол себепті, көмек алушылардың өз қажеттеріне деген мүмкіндіктері де ұлғая түсуде. «Рахмет – Спасибо» дүкені таңғы сағат  9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Көкшетау қаласы Абай көшесінің бойындағы «Аққу» дәмханасының ғимаратында жұмыс істейді. Сауапты іс жасап жатқан кәсіпкерлер мен қала тұрғындарына   көмек алушылар   өз алғыстарын білдіруде.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар