Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Депутаттар «Тыныста» болды - АРҚА АЖАРЫ

Депутаттар «Тыныста» болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен Конституциялық реформаларын  халыққа түсіндіру  мақсатында облысымызға жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-нәсихат тобының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Теміржанов, Сергей Звольский және Петр Шарапаев Көкшетаудағы «Тыныс» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесіп, маңызды құжаттың мазмұны туралы келелі әңгіме өткізді. Мәжіліс депутаттарымен облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин еріп жүрді.

«Қазақстан-Инжиниринг» Ұлттық компаниясына қарасты «Тыныс» акционерлік қоғамының зауыты кешегі кеңес заманында оттегімен демалдыру аппаратын және ұшақ пен тік ұшақтың түрлі бөлшектерін жасаған еліміздегі санаулы кәсіпорындардың бірі еді. Бүгінгі таңда да осы үрдіс жалғасып, өзге де жаңа жобаларды жүзеге асыру қайтадан жандануда. Зауытта әртүрлі диаметрлі полиэтилен құбырлары, өрт сөндіретін баллондар жасалып шығарылады. Сонымен қатар, мұнда орман мен ауыл шаруашылықтарының, «Қазақстан темір жолы» «Қазмұнайгаз», «Қазмұнайтранс» Ұлттық компания-лары» акционерлік қоғамдарының, халықаралық «Шеврон» компаниясының және Қазақстан Респуб-ликасы Қорғаныс министрлігінің тапсырыстары бойынша бөлшектер жасалады. Мәжіліс депутаттары зауыттың металл құю, құйма, қалып жасау цехын аралап көріп, шығарылып жатқан өнім түрлерімен танысты. Бұл туралы кәсіпорынның бас директорының орынбасары Марғұлан Әбеков айтып берді.
– Соңғы кездері «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамынан тапсырыс көптеп түсуде. Оған қоса, қарулы күштерге қажетті бронежилет шығарылуда. Зауытта адам ресурстарын басқаруды ұйымдастыру бойынша жұмысшылар мен инженерлік-техникалық мамандарды  тиімді саралау жұмысына бағыттайтын бірқатар шаралар жасалып отыр. Осының бәрі зауыт шығарған өнімнің сапасына көп әсерін тигізеді. Бүгінгі күні кәсіпорын өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақтандырып, тек қана кіріспен жұмыс істеп келеді, – деді Марғұлан Әбеков өз сөзінде.
Одан әрі зауыттың мәжіліс залында ұжыммен кездес-кен халық қалаулылары Жолдау мен Конституциялық реформалардың басымдықтарына тоқталып,
бұл құжаттардың қай-қайсысы болмасын экономикалық-әлеуметтік, саяси тұрғыдан өзара үйлестірілген, еліміздің демократиялық даму
жолын айқындайтын бағдар екендігін атап көрсетті.
Мұрат Теміржановтың айтуынша, Ұлт Көшбасшысының реформалардың түпкі мәні «билік тармақтары өкілеттіктерін бөлу мен саяси жүйенің демократизациялануында». Бұл өз кезегінде, Қазақстанның одан әрі демократиялық дамуына себепші болмақ.
– Ұсынылған реформа заң шығарушы билік тармағының атқарушы билік үстінен бақылауы күшейтіледі. Реформа мемлекеттік басқару мен саяси жүйелердің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Үкімет пен Парламент рөлдерінің артуы қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге тиімді тойтарыс беру тетігін құрады. Реформа барлық үкімет тармақтарына жұмысты тиімді және жауапты түрде атқаруды қамтамасыз етіп, тежеу мен қарама-қарсы жүйесін құруға тиесілі жол ашады. Ұсынылған реформа Қазақстанның ұзақ мерзімді даму, оған қоса бес инс-титуционалды реформалар мен 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттер қатарына ену мақсаттарына түбегейлі сәйкес келеді, – деді депутат.
Кездесу барысында халық қалаулыларына
зауыт ұжымы тарапынан әлеуметтік мәселелер жөнінде түйткілді сауалдар қойылып, тұшымды жауаптар алынды.

Аслан Оспанов.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар