Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әділет саласындағы реформалар – заман талабы - АРҚА АЖАРЫ

Әділет саласындағы реформалар – заман талабы

Облыстық әділет департаментінің басшысы Анатолий Дермановский алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Президенттік өкілеттіктің бір бөлігін Парламент пен Үкіметке беру жөніндегі Үндеуі мен биылғы жылғы Жолдауына қатысты ой-пікірлерін білдіріп, 2016 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша есеп берді және алдағы жылдың міндеттерін белгіледі.

Департамент басшысының айтуынша, республика Президенті өзінің 40-қа жуық өкілеттігін жоғарыда аталған екі жауапты органға тапсыруының арқасында депутаттар мен министрліктердің халық алдындағы жауапкершілігі арта түседі. Президенттік басқару бізге ел тәуелсіздігін алған жылдары аса қажет болғандығын, 25 жыл ішінде Елбасының жол көрсетіп, алға мақсат қоюының арқасында жетістіктерге қол жеткендігі туралы айта келе, енді халық қалаулылары жұртшылықпен тікелей өздері жұмыс істейтіндігіне көңіл аударды. Ата заңның кейбір тармақтарына өзгертулер енгізіліп, оның өзі ел игілігі үшін жасалып жатқан реформа екендігіне баса назар аударды. Сондай-ақ, есеп беру жиынында ол «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жылдың басты құжатын талқылады.
– Мемлекет басшысы 2050 жылға дейін 30 дамыған мемлекеттің қатарына қосыламыз деп, алдымызға үлкен міндет қойып отыр. Бұл орайда, ұлттық құқықтық жүйеге ғана емес, сондай-ақ, басқа да қоғамның маңызды инс-титуттарына жоғары талаптар көзделген. Дүниежүзілік экономикалық форумда бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық көрсеткіштерінің рейтингінде Қазақстан 2007 жылы
61 орыннан 2016 жылы 53 орынға көтерілді. Ал, «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан 2007 жылы 59-шы орында болса, 2016 жылы 35 орынға жеткен. Бұл біздің жаңа экономикалық кезеңде қалай өмір сүріп жатқанымыздың көрінісі, – дей келе, онлайн-сауда, 3Д-принтинг, «Цифрлық Қазақстан»  бағдарламасын жүзеге асырудың уақыты жеткендігіне тоқталды.  Департамент Әділет министрлігінің жоспарына сәйкес жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің 7 көрсеткішін жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, мұнда меншік құқығы, зияткерлік меншікті қорғау, даулы мәселелерді шешудегі заңнамалардың тиімділігі, әкімшілік реттеу дауларындағы заңнаманың тиімділігі сияқты төрт көрсеткіш негізгі деп есептелсе, бұған қоса мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерінің мөлдірлігі, саясаткерлерге қоғамның сенімі, мемлекеттік қызметшілердің тез шешім қабылдауға бейімділігі көрсеткіштерін қосымша қадағалайды.  
Бұл көрсеткіштерді орындау барысында департамент өткен 2016 жылы бірқатар іс-шараларды жүзеге асырыпты. Оның ішінде «Әділет кеңес береді» акциясын ұйымдастырып, оның шеңберінде облыс қалалары мен
аудандарында 312 іс-шара өткізіпті. Кәсіпкерлер палатасымен «Бүкіләлемдік экономикалық форумда 2016 жылға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін жоғарылату бойынша өзара қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік туралы» меморандумға қол қойылған. Кәсіпкерлер және нотариалды палаталардың, бизнес-қауымдастық өкілдерінің, халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікті тіркеу саласында заңнамалық актілердің нормаларын түсіндіру» тақырыбында отырыстар өткізіпті. Сондай-ақ, өткен есептік кезеңде заңды тұлғаларды тіркеу, жылжымайтын мүлік және зияткерлік меншік салаларына енгізілген жаңашылдықтар бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар мақалалар жарияланғандығы айтылды. Осы орайда, облыстағы мерзімді баспасөз құралдарында 217 мақала жарық көріпті.
Облыстың барлық қалалары мен аудандарында Ұлт жоспарының 27 қадамын, яғни, жекеменшік сот орындаушылар институтын одан әрі дамыту, сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін біртіндеп қысқартуды жүзеге асыру мақсатында тақырыптық билбордтар ілінген.  Облыстағы әділет органдары 18 мемлекеттік қызмет түрін жүзеге асырады, оның ішінде 17-сі тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету саласында болса, біреуі сот актілерін орындауға қатысты. Өткен 2016 жылы облыс бойынша әділет саласына қатысты жалпы 95 541 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Заңнамаларға енгізілген өзгертулердің нәтижесінде коммерциалық ұйымдарды құру әдістері қағазбастылықтан арылып, электрондық нысанға ауысудың арқасында азайыпты. Нәтижесінде заңды тұлғалардың тіркелу процесі бір сағат ішінде орындалып, аяқталатын көрінеді. Сол сияқты меншікті тіркеу  саласында да жылжымайтын мүлікке қатысты құқығын тіркеуге өтініш берудің баламалы тәртібі заңды түрде алынып тасталып, енді барлығы 1 күн ішінде электронды нысанда жүзеге асырылатын болды.  Сонымен, өткен жылы облыс азаматтарына электронды нысанда 23093 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13 пайызға көбейген. «Бұл заңнамаларға енгізіліп жатқан өзгертулер мен реформалардың нәтижесінде», –  деп атап өтті Анатолий Дермановский.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, білікті заңгерлерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері басты назарға алынған. Сондай-ақ, заңгерлер өткен жылы он мыңға жуық азаматқа тегін көмек көрсетіпті.  Жалпы, есеп беру барысында департамент басшысы облыста өткен жылы атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп бергеннен кейін, келесі жылға жоспарланған және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде жүзеге асырылатын мақсат-міндеттерді, Жолдау шеңберінде атқарылатын жұмыстарды нақтылады.
Бұл есептік кездесуге облыстағы қоғамдық кеңестің мүшелері, құқықтанушылар мен ғалымдар, аумақтық әділет басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, заң факультеттерінің студенттері қатысты.

Ырысалды Шамшиева.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар