Индустрияландыру картасы шеңберінде іске қосылған кәсіпорынның ағаштан жасалған әртүрлі өнімдеріне сұраныс көбейіп келеді.
Макинск қаласындағы «TransTechMash LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан бірер жыл бұрын Астана қаласының туған күніне тарту ретінде құрылған болатын. Қазіргі кезде кәсіпорын жұмысы үдей түсті.
Кәсіпорын басшысы С.Алексеенконың уәжіне қарағанда, зауыт жылына 300 мың дана шпал, 5 мың текше метр тақтай дайындай алады. Зауытта «МЕСТ 78-2004» талабына сай үй құрылысына қажетті сапалы ағаштан шпал, тақтай тілінуде. Бұл жай бүгінгі талғамы қатал нарықта кәсіпорынға пайда түсіруге мүмкіндік беріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.