Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министр мектепке келіп, оқушылардың сабағына қатысты - АРҚА АЖАРЫ

Министр мектепке келіп, оқушылардың сабағына қатысты

Облыс әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысқан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясында болып, білім саласының мамандарымен кездесті. Кездесуде министр биылғы оқу жылында енгізіліп жатқан жаңалықтардың мән-маңызын түсіндірді. Білім және ғылым министрімен облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова бірге болды.

Еліміздің  бас педагогы Ерлан Сағадиевті аталмыш мектеп директоры Айнагүл Балташева қарсы алып, білім ордасының тарихы, бүгінгі тыныс-тіршілігі жайында таратып айтып берді. Мектеп 1976  жылы ашылып, өзінің ең алғашқы оқушыларын қабылдаған екен. Қазіргі таңда 1302 оқушы білім алуда. Білім саласына енгізілген жаңа оқу бағдарламасына сай үш тілде оқыту бағытындағы жұмыс мектепте жоғары деңгейде жүргізілуде. Министр де жаңа бағдарламаның оңай болмасына, нәтиже оқушылардың қызығушылығына, ұстаздардың білім деңгейіне байланысты екендігін атап өтті.
Бас педагог оқытудың жаңартылған жүйесіне сай информатика пәнін ағылшын тілінде оқитын 6-шы сынып оқушыларының сабағына қатысты. Информатика пәнінің мұғалімі Еркін Хабдештің шет тілінде сабақ беріп, оқушылармен емін-еркін сөйлесіп, сабақты қызықты өткізіп жатқандығын көрген министр балаларға ағылшын тілінде сұрақтар қойды. Білім ордасының оқушылары ағылшын тілін бұрыннан тереңдетіп оқып жүргендіктен болар, тосылмастан, ойларын еркін жеткізіп, барлық сұрақтарға жауап берді. Оқушылардың алғырлығына, тіл игерудегі ынталарына риза болған министр оларға үлкен сенім артатындығын жеткізді. Физика пәнін ағылшын тілінде оқып жүрген 8-шы сынып оқушыларының сабағына кіргенде де осындай ынталы балаларды көріп, оқытушысы Руслан Савальевтен ағылшын тілінде пәнді үйретуде кездесетін қиыншылықтарын, оқу құралдарын қайдан алып оқытып жатқандықтарын сұрап білді. Өткен жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің физика пәні мұғалімі мамандығын ағылшын тілінде оқып бітірген жас ұстаз ағылшын тілінде физика пәніне қатысты отандық оқулықтардың жоқ екендігін, тек қазақ-түрік лицейлері пайдаланатын «КАТЕV» оқулықтары мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу-әдістемелік құралдарына сүйеніп оқытып жүргендігін айтты. Сабақты бас кезінде ағылшын тілінің мұғалімінің көмегімен жүргізгендігін, кейін онымен бірлесіп, әдістемелік құралдар дайындап, сол бойынша білім беріп жүргендігін де әңгімеледі. Бұдан соң бас педагог мектеп ішіндегі Мәлік Ғабдуллиннің музейімен танысып, ондағы ұлы ұстаздың пайдаланған жеке заттары мен басқа да жәдігерлерді көріп, оң бағасын берді.
Білім мекемелерінің қызметкерлерімен кездесуде министр жаңартылған оқу бағдарламасының маңызына, жаңа форматта өтетін ұлттық бірыңғай тестілеуге, мектеп директорларын тағайындауға, мұғалімдердің қағазбастылық жұмыстан арылу қажеттігіне және сапалы білім беру мәселелеріне ерекше тоқталды. Мәселен, 2019 жылдан бастап барлық мектептер жаңартылған оқу бағдарламасына толық көшіріледі дей келе, ол орыс сыныптарының қазақ тілі оқулықтары толықтай жаңартылып, басқаша әдіс-тәсілдер бойынша оқытылып, балалардың он бір жылда мемлекеттік тілді еркін меңгеріп шығатындығына сенім білдірді. Бұл үш тілде оқыту бағдарламасы басқа мемлекеттерде бұрыннан тәжірибеге енгізіліп, өзінің оң нәтижелерін беріп жатқандығын атап өтті. Алайда, бұл бағдарлама қазақ балаларынан гөрі, орыс тілді оқушыларға қиын болатындығын да жасырмады.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматына қатысты өзгерістер оқушылардың пайдасы үшін жасалып отырғандығы айтылды. Мәселен, ҰБТ тапсыру нәтижесінде былтыр 17 мыңнан астам мектеп бітіруші жоғары оқу орындарына түссе, бұдан былай бұл көрсеткіш 30 мыңға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Және оларға мемлекеттік грандтарды ұтып алу үшін 5 мың орын қосымша қарастырылмақшы. Сонымен бірге, алдағы уақытта облыс әкімдері жоғары оқу орындарында өңірге аса қажетті мамандықтар бойынша оқып жүрген студенттерге облыстық бюджеттен қаражат бөлуі қажеттігіне қатысты мәселе заң шеңберінде қарастырылатынына назар аударды. Сол сияқты, бұрын мектеп директорлары бір адамның шешімімен тағайындалып келсе, енді арнайы кеңестер құрылып, сонда талқыланып, жан-жақты қарастырылып барып қана тағайындалады деді. Мұғалімдердің біліктілік санатын алуға қатысты да мәселелерге түсінік берді. Мәселен, алдағы уақытта педагог стандарты енгізілмекші. Бұрын біліктілік санаты білім бөлімдерінде мұғалімдердің жасаған партфолио, ашық сабақтарының хаттамалары мен суреттеріне, газет беттерінде шыққан мақалаларына қарап және бес жылда бір берілген болса, енді сол стандарт шеңберінде екі күн бойы емтихан тапсыратын болады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарын бітіріп мектепке орналасатын жас мамандар да осындай емтиханнан өтіп барып қана жұмысқа кіреді. Тағы бір ерекшелігі, екінші санатты мұғалімдер бірінші санатты біліктілік дәрежесін алмай-ақ жоғары біліктілік санатына өтініш білдіріп, емтихан тапсыру арқылы ала беруіне мүмкіндік болатын көрінеді. Сонымен бірге, бас педагог мұғалімдерге оқушыларға үй тапсырмасын көп бермеу мәселесін жан-жақты түсіндірді.
Жиынға қатысушы ұстаздардың көңілінен шыққан жағымды жаңалық –
республикадағы барша мектептердің барлық кабинеттеріне «Wi-Fi» орнатып, оларға «Samsung» фирмасынан бір-бір планшет немесе смартфон алып беру мәселесі. Себебі, электронды күнделіктер мен оқулықтарды осы бір құрал арқылы тез арада ашып, сабағын кез келген уақытта түсіндіріп беруге ыңғайлы. Іс-шара соңында білім қызметкерлері министрге жаңартылған оқу бағдарламасы, кәсіптік-техникалық білім беру мәселелері, үш тілді меңгерген мұғалімдердің жетіспеушілігіне қатысты сауалдарын қойып, өздерінің ұсыныстарын жасады.

Есеп беру кездесуінен
материалдарды дайындағандар:  
              Қайырбай Төреғожа,
              Байқал Байәділов,
              Рамазан  Тілеуов,
              Аслан Оспанов,
              Ырысалды ШАМШИЕВА.
Суреттерді түсірген
Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар