Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауруды анықтау жолдары - АРҚА АЖАРЫ

Ауруды анықтау жолдары

Флюорографиялық тексерулер – ересектер мен жасөспірімдер арасында туберкулез ауруларын анықтауға мүмкіндік беретін негізгі және жалғыз тәсіл болып табылады. Тексеріс кезінде аталмыш аурудан басқа, пневмония, өкпе қатерлі ісігі сияқты басқа жасырын аурулар анықталып жатады. Жыл сайын өткізілетін флюорографиялық тексерулер нәтижесінде туберкулез белгілері ерте анықталып, біршама адамдар сырқатынан емделіп, айығып шығуда.  
Жыл сайын облыста ересектер мен жасөспірімдердің 80 пайызға жуығы, яғни, 430 мың адам осы тексеруден өтеді. Шалғайдағы елді мекендердегі тұрғындарды флюорографиялық тексерулерден өткізу үшін 8 жылжымалы флюороқұрылғы қолданылады. Өткен жылы 98 мың адам тексерістен өтті.
Туберкулезбен ауыратын адамдардың 68 пайызы осы флюорографиялық тексерістің нәтижесінде анықталады. Осылайша ерте белгілі болған науқастардың емделіп кетуіне мүмкіндік көп. Сонымен бірге, туберкулезге диагноз қоюдың нақты және дәлелді жолы – бактериологиялық зертханалық әдіс. Мәселен,  флюро және рентген арқылы туберкулез
ауруына күдікті адамдар анықталғаннан кейін, олар бұдан кейін бактериологиялық-зертханалық және басқа да тексерулерден өтуі тиіс.  Туберкулезге диагноз қоюдың зертханалық қызметі облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің орталықтандырылған клиникалық-бактериологиялық зертханасымен ұсынылады. Оған қоса, облыста алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету желісінде 18 бактериоскопиялық
пункттер бар. Науқастардың ауруын бактериологиялық жолмен анықтауға қазір мүмкіндік жетерлік. Еуропадан әкелінген Gепе-Xpert, Hain-test сынды жабдықтар да дәл диагноз қоюға зор мүмкіндік туғызуда. 2016 жылы алғашқы құрылғымен 973 адам тексеріліп, 220-сында ауру белгілері анықталды. Сол сияқты, Gепе-Xpert әдісімен 1000 адам тексеріліп, олардың 327-інен сырқат белгілері көрініс берді.
Жанат ҒАЗИЗОВ,
облыстық туберкулезге қарсы
күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары,
Зәуреш МЫРЗАХМЕТОВА.
клиникалық-бактериологиялық
бөлімшенің меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар