Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қолданып көруіңізге болады - АРҚА АЖАРЫ

Қолданып көруіңізге болады

Төсекке басы тиісімен бірден ұйықтап кететіндер сирек кездеседі. Жұмыс уақытындағы жүйкеге салмақ түсіретін түрлі жайлар, өмір алдыңызға тосқан қиындықтар, басқа да психологиялық әсерлер адам ұйқысына кедергісін келтірмей қоймайды. Осындай ұйқысыздық жағдайында небары алпыс секунд ішінде ұйықтап кететін амалды ғалымдар  4-7-8 тәсілі деп атайды.
Американдық ғалым Эндрю Уейл бұл тәсілді психологиялық үрейден туған ауруларды емдеуге де қолданады екен. Және оның нәтижесі де біршама жоғары. Енді осы амалды қалай қолданады, соған келейік. Ең алдымен, 4 секунд бойы мұрныңызбен терең тыныс алыңыз, яғни, деміңізді ішіңізге тартыңыз, содан кейін деміңізді 7 секунд ұстап тұрыңыз, соңында деміңізді ақырындап  8 секунд бойы шығарыңыз. Осы тәсілді үш-төрт рет қайталаған кезде қалай ұйықтап кеткеніңізді өзіңіз де байқамай қаласыз.
Бұл әдісті орындаған кезде өкпе көбірек оттегіге толып, парасимпатикалық жүйке жүйесі жеңілдейді екен. Бұның өзі ұйқы келмеу мәселесін толық шешетін көрінеді. Ұйқысыздықтан зардап шексеңіз, осы тәсілді қолданып көріңіз.
Қалкөз КЕЛДІҒҰЛҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар