Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлық көріністері неге ұлғайған?!. - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлық көріністері неге ұлғайған?!.

«Нұр Отан» партиясының облыстық  филиалында  осыған жауап ізделінді.

«Нұр Отан» партиясының облыстық  филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында бірқатар салалар бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайы талқыланды. Ақмола облысы бо-
йынша құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 160 құқық бұзушылық тіркелген екен. Оның басым бөлігі, яғни, 59-ы Көкшетау қаласында анықталса, 41-і Целиноград, 14-і Еңбекшілдер аудандарында орын алған. Жыл басталғалы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық құқық бұзушылық  орын алып үлгерген. 2016 жылы бұрнағы жылға қарағанда  жемқорлық көріністері 12 пайызға артқан.
Маманның айтуынша, сыбайлас жемқорлық көріністері көбінесе лауазымды тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдалануы, қызмет бабындағы заңсыздар, пара алу және сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену мен жеке қажеттіліктеріне пайдалану сияқты әрекеттермен байланыс-ты орын алған. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың 75 па-йызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органымен анықталса, қалғандарын прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік кірістер департаменттері анықтаған. Өткен жылы 41 тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың ішінде 12-сі әкімдік қызметкерлері болса, 9-ы ішкі істер органдарының өкілдері. Құқық бұзушылықтарға жол берген барлық тұлғалар тиісті әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерге тартылған.   
Қоғамдық кеңес және комиссия мүшелері арнайы шақырылған басқармалар мен бөлімдердегі жемқорлыққа қатысты олқылықтардың орын алуы мен оған жол бермеу бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын тыңдап, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңдардың шеңберінде жұмыс жүргізу қажеттігіне назар аударды.
Бұдан соң Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы Әдеп кеңесі хатшылығының  меңгерушісі Дархан Хайруллиннің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына қатысты ұсынылатын мемлекеттік қызметтер жөніндегі, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Виктор Радченконың, Көкшетау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушыларды тасымалдау бөлімінің басшысы Ермек Қарағаевтың,  облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді ұсынуға сараптама жүргізу бөлімінің басшысы Данагүл Жұмабектің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарына қатысты есептері тыңдалды.
Отырыс соңында шараға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының аумақтық филиалдарының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ағымдағы жылы жүргізілетін жұмыс жоспарлары талқыланды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар