Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарлама жеті жарым мың адамды қамтиды - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарлама жеті жарым мың адамды қамтиды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг «2017-2021 жылдарға арналған  жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасын жүзеге асырылу барысына арналды.

Баспасөз мәслихатында алдымен, облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина  сөз сөйлеп, «2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтамасыз ету және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы өткен жылдың соңында бекітілгенін айтып өтті.Үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын бағдарламаға 5,3 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 7,5 мың адамды қамтитын бағдарламаның мақсаты – тұрғындарды тиімді жұмыспен қамту және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға ықпал ету. Бағдарламаны қаржыландыру негізінен республикалық бюджеттің жалпы трансферттері есебінен жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаржы аударылды. Бағдарламаның жоспары бекітіліп, жыл басынан бері жүзеге асырыла бастады.
–Бес жүз адам жұмыс берушілердің қажеттілігіне байланысты қысқа мерзімді жұмысшы мамандығына оқытылады. Шағын несие беру бойынша жаңа тізім жасалуда. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін жұмыспен қамту бөлімі, жұмыспен қамту орталығы, ауыл шаруашылығы, білім бөлімі басшыларынан тұратын өңірлік комиссия құрылады. Комиссия мен ауылдық округтердің әкімдері бағдарламаны жүзеге асыруға қатысады,–деді Шолпан Рахматуллина. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өз сөзінде бұл бағдарлама аясында қалалық және аудандық комиссияның шешімімен әр елді мекеннің әкімдігінде жұмылдыру тобы құрылатынын атап өтті. Бұл топқа жергілікті білім, жұмыспен қамту мекемелері, полиция қызметі, селолық округтер, жастар ұйымдары мен еріктілер тартылып, 20 тамызға дейін түсіндіру және кәсіби бағыт беру жұмысын жүргізеді, үміткерлер іздейді.
– Қатысушылар әңгімелесудің қорытындысы бойынша оқуға қабылданып, стипендиямен, тегін бір мезгіл ыстық аспен, жеңілдетілген жол ақысымен қамтамасыз етіледі. Бұл бағыттағы қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Кәсіптік-техникалық мамандар даярлау мерзімі таңдаған мамандығына байланысты. Бағдарламаға қатысушылар бірінші деңгейдің қорытындысы бойынша диплом алады. Олардың жұмысқа орналасуына  жұмыспен қамту орталығы ықпал етеді,– деді Валерий Гамазов. Биылғы жаңа оқу жылында 1190 адамды оқыту үшін республикалық трансферттер қаржысы есебінен 191 миллион теңге қарастырылған. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сандуғаш Алшынбаева өздерін бұл бағдарламадағы екінші бағыт – бұқаралық кәсіпкерлікті дамытудың операторы болып табылатынын айтты. Бұл бағыт «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерліктің негізін оқытудың, кәсіпкерлік бастаманы қолдаудың және қала мен ауылдарда шағын несиелерді кепілдендірудің жүзеге асырылуын
қарастырады. Сондай-ақ, бөлім басшысы шағын несие алудың тәртібі жөнінде айтты.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Серік Шайкөзов «2017-2021 жылдары агроөнеркәсіп кешені саласын дамытудың» жаңа мемлекеттік бағдарламасы бекітілетінін атап өтті.
– Облыс бойынша 5 жылдың ішінде мыңға тарта шағын шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту жоспарлануда. Кооперативтер сүт, ет, жеміс-жидек пен көкөніс жинау үшін құрылады. Сондай-ақ, кооперативтер ветеринария, мал тұқымын асылдандыру, мал азығын дайындау, агрохимия, логистика және өзге де жұмыстармен айналысады.Облыста өндірілетін еттің 60 пайызы, сүттің 80 пайызы үй шаруашылығы секторына тиесілі. Бұл өнім сүт өңдеуші кәсіпорындарға әкелінбейді. Өйткені,  өндірілген өнімді жинау мен сату мәселесі шешілмей отыр. Осының салдарынан облыстың ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындары толық қуатында жұмыс істемейді,– деді Серік Шайкөзов. Жыл соңына дейін облыс бо-йынша 18 ауыл шаруашылығы кооперативін, 180 отбасылық бордақылау алаңын, 18 сүт қабылдау пунктін құру жоспарланған. Алдағы міндеттерді орындау үшін «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы өз септігін тигізуде.

Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар