Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің сенімімен үкіленген жаңғыру белестері - АРҚА АЖАРЫ

Елдің сенімімен үкіленген жаңғыру белестері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық топтың мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршыбеков  Астрахан ауданында жұмыс сапарымен болып, ондағы бірқатар білім мекемелерінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, биылғы Жолдаудың басым бағыттары, оның ішінде білім саласын дамытудағы негізгі міндеттерін тарқатып айтып берді.

Аудан активінде сөз сөйлеген Нұрбек Әбубекұлы Елбасының Жолдауында айтылған бес басым бағыттың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, жан-жақты түсіндірді. Еңбек өнімділігін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелерін тілге тиек ете отырып, нақты мысалдарға сүйеніп, жан-жақты талдап, кеңінен тарқатып айтып берді. Аталмыш кездесуді аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Сейілов ашып, жүргізіп отырды.
Нұрбек Әбубекұлы өз сөзінде Жолдаудың басты мақсаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына ену, бірдей деңгейге жету екендігін атап өтті. – Жолдау ел экономикасын дамытуға арналған реформаларды жүзеге асыруға бағытталған шұғыл және тиімді қадамдарға жету үшін берілетін нақты тапсырмалардан құралған. Бес негізгі басымдық нақты айқындалды. Маңызды құжат әлеуметтік саясатқа, халықтың әл-ауқатын арттыруға, адами капиталдың сапасын арттыруға негізделген. Бұл білім беру жүйесі мен денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, тұрғын үй саласындағы өзгерістер. Кезең-кезеңмен үш тілде білім беруге көшу, тегін кәсіби-техникалық білім жүйесі жобасын іске асыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет пен Парламенттің алдына қойған басты тапсырмалары болып табылады,– деді ол өз  сөзінде. Сонымен қатар, кездесу барысында Нұрбек Оршыбеков 2017 жылдан басталатын Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің жаңа форматын түсіндіре келе, үстіміздегі жылдан бастап білім саласына енгізілген бірқатар өзгерістерге де тоқталып өтті.
Бұдан кейін Нұрбек Әбубекұлы аудандағы №6 агротехникалық колледжі, №1,2 орта мектептері, шығармашылық үйі, «Алпамыс» балабақшасы сияқты білім мекемелерінде кездесу өткізіп, ұжым қызметкерлеріне Жолдауда айтылған бірқатар мәселелерді атап көрсетіп, астрахандықтардың көкейінде жүрген сан сауалдарға тұшымды жауап берді.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суретте: кездесуден көріністер.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар