Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үкімет өзі бас-көз болады - АРҚА АЖАРЫ

Үкімет өзі бас-көз болады

Қазақстанда проблемалық несиелер қоры Ұлттық Банктен Үкіметке өтеді.
Енді елімізде соттың мүлікті бөлуі мүмкін болмаған жағдайда оны жария саудаға шығаратын болады. Бұл туралы Парламент Сенатының жалпы отырысында заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды таныстыру барысында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлім етті. «Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы халыққа Жолдауында айтылған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы банк секторын сауықтыруды көздейді. Атап айтқанда, «проблемалық кредиттер қоры»  акционерлік қоғамының Ұлттық Банктен Үкіметке өтуі көзделген» деді министр.  
Біз үшін
құнды құжат

Ресей мемлекеттік кітап-ханасында  «Кенесары Қасымов: тұлға, тағдыр, дәуір» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады. Кітапхананың шығыс әдебиеті орталығында өткен шара Ахмет Кенесариннің «Кенесары Қасымов пен Садық Кенесариннің тарихы» қолжазбасы көшірмесінің жарық көруіне арналған. Көне қолжазба Мәскеу мемлекеттік тарих музейінде сақталып келген және оны ресейлік тарихшы Илья Зайцев тапқан. Құжат Хиуа, Бұқара және Қоқан хандықтарымен байланысты тарихи оқиғалар туралы мәліметтерді кеңейте түседі.
Атлантида алтыны

Сицилияның оңтүстік жағалауында апатқа ұшыраған ежелгі кемеден көптеген құнды олжалар табылды.
Олар екі коринфтік шлем, ежелгі құмыра, массалиялық құты және 47 орихалка құймасы. 2014 жылы археологтар Атлантидадағы су түбіндегі кемеден тапқан құны алтынмен пара-пар  39 метал құйманы тауып, жұртшылық назарын өздеріне аударған болатын. «Атлантида алтыны» осылайша қалған дүниелерді өз көлеңкесінде қалдырған. Бұл олжалар біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдың соңы VІІ ғасырдың басына тиесілі. Коринфейлік шлем бүгінгі таңда аса қымбат бағаланады. Оған жақында өткен аукционда осындай шлемнің 174 мың  долларға сатылғандығы дәлел бола алады.    
2017 жылы
4 сайлау өтеді

Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасы Берік
Имашев мәлімдеді.
Айталық, 26 мамырда  шығып қалған мәслихат депуттарының орнына 58 сайлау учаскесінде сайлау өтеді. Одан кейін 2017 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей, 2011 жылдың 19 тамызында сайланған Сенат депутаттарының орнына сайлау өткізілуі тиіс. Бұдан бөлек, ауылдық округтердің құрамына кірмейтін аудандық маңыздағы қалалардың, елді мекендер мен ауылдардың әкімдерін сайлау өтеді. Сондай-ақ, 29 қазанда шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына тағы бір сайлау өткізу жоспарланған.  
Жапония –
ерекше ел

Жапония әлем жұртшылығын талай ерекшеліктерімен таңқалдыруда.
Бұл елдің адамдары біріншіден, өте еңбекқор, кез келген жағдайда табандылық танытады. Оған дәлел – көптеген өнертабыстары мен технологиялары. Жапонияда аяққа арналған ыстық ваннасы бар пойыздар бар. Әдетте, жол жүрген адам шаршап, шалдығып қалады. Ал, күншығыс елінде сіз жолда шаршағаныңызды басып, қайта дем алып барасыз.  Аялдамалар мен көшелерде қолшатырлар салынған арнайы үлкен қорап болады. Жаңбыр жауа қалған жағдайда кез келген адам оны тегін қолданып,  жаңбыр басылғаннан кейін жолдағы осындай бір қорапқа салып кете береді. Жапонияда егер қызметі өзгелерден жоғары болса, жұмыс уақытында көз шырымын алу әдепсіздікке жатпайды. Бұл – адамның көп жұмыс жасайтындығын және шаршап жүргендігін білдіреді.
inform.kz, qazaqtimes.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар