Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мамандар кеңес берді - АРҚА АЖАРЫ

Мамандар кеңес берді

«Нұр Отан» партиясының  аудандық филиалында  «Заңгер кеңес береді» республикалық  акциясы өтті.

Акцияға партияның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Сара Дүйсембаева, әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Жиенбеков  және тағы басқа мүдделі мекемелердің мамандары қатысты.
Бүгінде елімізде ерлі-зайыптылардың ажырасу фактісі көбеймесе, азаймай тұр.  Ажырасқан соң, алимент төлеуден қашатын жауапсыз әкелердің де қатары көбеюде. Осы мәселе бойынша Өлеңті ауылының тұрғыны, үш баланың анасы Ирина Колышева жолықты. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі алимент төлеуден жалтарып қана қоймай, мекен-жайын жиі өзгертеді.  «Қашқын әке Көкшетау қаласының  ықшам аудандарының бірінде жасырынып жүруі әбден мүмкін», – деді арызданушы. Сондай-ақ, тұрғылықты мекен-жайы мен тұрақты жұмысының жоқтығынан бұл іс әлі күнге дейін шешімін таппай, созылып келеді екен. Жалғызбасты ана жауапты органдарға қаншама арыз-шағым түсірсе де, еш нәтиже жоқ. Бұл мәселе бойынша  басқарма басшысы Берік Жиенбеков: «Қашқын әкелерден алиментті мәжбүрлеп өндіру үшін заң шеңберінде тиісті ықпалды амал жүргізіледі. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілгендей, борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады және белгілі бір мерзімге бас бостандығынан
айырылады. Осы орайда, жақында ғана қабылданған жаңа Заңға сәйкес, қашқын әке міндетті түрде уақытша тіркеледі. Сондықтан, ең бірінші қазіргі тұрып жатқан мекен-жайын анықтауымыз қажет, әрі  қарай тиісті құжаттар дайындалады», – деді.
Ерейментау қаласының тұрғыны, Төлеу Шаханов атындағы №3 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Роза Сыздықова баспана  алу мәселесін көтерді.  Ол қалада жеті жыл бойы жұмыс істеп жүрсе де, әлі күнге дейін баспанаға қолы жетпепті.  Әңгіме барысында  оның 2007 жылдан бері кезекте тұрғаны анықталды.  Сара Дүйсембаева бірден Халыққа қызмет көрсету орталығына  хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтады. Бүгінде ол 16-шы кезекте тұр екен.  Жаз маусымында аяқталатын  60 пәтерлі үйге үміткерлердің қатарында.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен өткен аталмыш акцияда тұрғындар өздерінің сауалдарына жауап алғанына әрі мәселелердің  оң шешім табатындығына   сенім білдірді.  
Гүлдана ҚАНАПИЯНОВА.
Ерейментау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар